Алдыңғы қатарлы технологиялар
Орталықтың ашылуы уақытынан бастап 10 инновациялық технологиялар енгізілді: RОС Safe жүйесін қолданумен сол жақ қарыншаның имплантациясы, Cardioblate жүйесін қолданумен АКШ операциясы, Cardioblate радижиілікті аблациясы жүйесін қолданумен жүрек қақпақшаларын протездеу, жүрек трансплантациясы, ЭКМО қолданумен асқазан аралығы ақауының транскатетерлік жабылуы әдісімен операция, аорталды қақпақшаның транскатетерлік имплантацисы бойынша операция, бүйрек артерясының денервациясы және т.б.
2011 жылдың 07 қарашасынан бастап Орталық дәрігерлері Қазақстанда алғаш рет қосалқы қан айналым қондырғысын имплантциялады (Heart Made II), 2011 жылдың 13 желтоқсанында Heart Ware Ventricle Assist Device (VAD) соңғы үлгідегі қондырғысы имплантацияланды, мұнымен Қазақстан ашық жүректе жоғары технологиялы бірегей операцияларды жүргізетін әлемнің 22 елі қатарына елді.
Алғащ рет біздің елде 2012 жылыдң 08 тамызында созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқасқа донорлыұ жүректің трансплантациясы жүргізілді.
2014 жылға дейін Орталық базасында 20 жуық инновациялық технологиялар енгізіледі, соның ішщінде: жүрек жетіспеушілігінің шағын инвазивті емдеу әдістері, гибридті хирургия, трансплантологияның дамуы, жүректің ишемиялық ауруының хирургиялық емес әдістері, неонаталды кардиохирургияның дамуы, феталды кардиохирургияның дамуы.