EMEA CTEPH Registry (2016-2020)
Тапсырыс беруші: «Байер КАЗ» ЖШС компаниясы
Жауапты орындаушы: Мукаров М. А. кардиология бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-кардиолог.
«EMEA CTEPH Registry» клиникалық зерттеуі - EMEA аймағына кіретін елдерде ХТЭЛГ бар пациенттердің эпидемиологиясын, диагностикасын және емделуін бағалауға арналған халықаралық проспективті регистр.
Тіркелімдерді құрудың арқасында аурулардың клиникалық және гемодинамикалық ерекшеліктерін зерттеу, қауіп факторларының стратификациясын жүргізу, генетикалық предикторлар мен аурулардың дамуының жаңа биомаркерлерін анықтау, дәрі-дәрмектік терапияның және емдеудің хирургиялық әдістерінің тиімділігін бағалау көзделеді.
Осы зерттеулердің нәтижелері жүректің коронарогенді емес ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеу саласында медициналық технологияларды жетілдіруге ықпал ететін болады.