Миссиясы, мақсатқа сәйкестілігі, мақсаты
Миссиясы
Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттердің денсаулығын жақсарта отырып, халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал ету.
Пайымы
Инновациялық тәсілдерді, ғылым, білім және тәжірибені интеграциялау негізінде өз қызметін пациенттер қауіпсіздігі және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асыратын Орталық Азия өңіріндегі жетекші ғылыми-кардиохирургиялық орталық.
Стратегиялық бағыттары:
-
Cапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту және қызметтің тиімділігін арттыру
-
Кадрлық әлеуетті, білім мен ғылымды дамыту
Негізгі стратегиялық қағидалары:
-
Пациентке бағдарлану: пациенттер мен келушілер үшін сапаны, қауіпсіздікті және қолайлылықты қамтамасыз ете отырып, әрбір пациенттің қадір-қасиетін құрметтей және жоғары кәсібилігі негізінде медициналық қызмет көрсету.
-
Халықаралық сапа стандарттары: медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің барлық аспектілері бойынша медициналық қызметтің үздік халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі.
-
Бәсекеге қабілеттілік: әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, халықаралық ғылыми-клиникалық және білім беру қоғамдастығына интеграциялау және медициналық қызметтердің халықаралық нарығына шығу.
-
Сабақтастық және кешенділік: халықаралық стандарттар деңгейінде медициналық қызметтердің барлық деңгейлері мен түрлерін ұсыну.
-
Әлеуметтік жауапкершілік: пациенттердің ғана емес, сонымен қатар жалпы халықтың да игілігі үшін жұмыс істеу – денсаулықты сақтау және жақсарту, өмір сапасын арттыру.
-
Қаржылық тұрақтылық: қызмет толықтыру үшін ғана емес, академиялық қызметті одан әрі дамыту және қолдау үшін жеткілікті қаржылық қайтарымды қамтамасыз ету.
-
Басқарманың транспаренттілігі: клиника қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде қалың жұртшылықтың толық және шынайы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.
-
Академиялығы: Кардиохирургиялық орталық медициналық кадрлардың жаңа формациясын қалыптастыруға және кәсіптік қызметтің барлық деңгейлерінде үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз етуге ықпал етеді.