Қалпына келтіру емі бөлімшесі

Аймакова Гульсим Таргыновна
1) физикалық факторларды қолдана отырып, емдеу, қалпына келтіру және алдын алу іс-шараларын жүргізу;
2) тағайындалған физиотерапевтік емшаралардың орындалуын бақылау және басқа мамандық дәрігерлерінің физиотерапевтік емшараларды тағайындаудағы қателіктерді талдау;
3) қалпына келтіру емі саласында дәрігерлер мен орта медициналық персоналды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
4) қалпына келтіру емінің, физиотерапияның және физиопрофилактиканың жаңа әдістерін практикаға енгізу;
5) медицина қызметкерлері арасында физиотерапия әдістерін насихаттауды ұйымдастыру;
6) емдеу бағдарламасын ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы үздіксіздік, сабақтастық, бірізділік және кезеңділік, жеке көзқарас.
Бөлімшенің функциялары:
1) науқасты қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасау және оны қалпына келтіру емінің қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін пайдалана отырып жүзеге асыру;
2) емдеу-алдын алу мекемелерінің ғылым, техника жетістіктері мен озық тәжірибесіне негізделген қалпына келтіру емінің жаңа заманауи әдістері мен құралдарын игеру және бөлімшенің жұмыс тәжірибесіне енгізу;
3) Бөлімше қызметі ауданындағы емханалық мекемелерге қалпына келтіру емі мәселелері бойынша консультациялық және ұйымдастыру - әдістемелік көмек көрсету;
4) Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бөлімшенің өзара іс-қимылын үйлестіру;
5) қалпына келтіру еміне негізсіз жіберу жағдайларын, емдеу кезеңінде науқасты жүргізудегі ақауларды, жүргізілген қалпына келтіру іс-шараларының тиімсіздігін клиникалық талдау жүргізу және т. б.;
6) емдеудің кешенді әдістерін қолдану: аппаратты физиотерапияның барлық түрлері, емдік дене шынықтыру және массаж, механотерапия, жүрек - тамыр қызметін, жүрек және қан тамырлары ауруларының нәтижесінде бұзылған қозғалыс және сөйлеу функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған психотерапия;
7) белгіленген тәртіппен дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының халқына физиотерапиялық көмек көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
9) JCI халықаралық аккредиттеу шеңберінде алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарын енгізуге қатысу, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде құжатталған саясат пен процедураны ұстану;
10) бөлімшенің құзыретіне кіретін өзге де функциялар.