Радиология бөлімі

Бөлімше меңгерушісі
Ахметов Абзал Утегенович
Радиология бөлімшесі заманауи медицина ғылымы мен техникасының жетістіктері негізінде зерттеудің сәулелік әдістерін пайдалана отырып, ауруларды диагностикалайды және Қоғам дәрігерлеріне сәулелік диагностика мәселелері бойынша білікті кеңестік көмек көрсетеді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) халыққа, оның ішінде балаларға мамандандырылған диагностикалық көмек көрсету, заманауи медицина ғылымы мен техникасының жетістіктері негізінде радиология әдістерінің көмегімен зерттеулерді уақтылы және сапалы жүргізу;
2) практикаға емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін енгізу;
3) денсаулық сақтау мекемелерінің басқа да емдеу-диагностикалық бөлімшелерімен өзара байланыс және сабақтастық.
Бөлімшенің функиялары:
1) радиология әдістерінің көмегімен жоғары білікті зерттеулер жүргізу;
2) Қоғам дәрігерлеріне аурулардың сәулелік диагностикасы, қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен және емдеу-алдын алу мекемелерімен өзара байланысы мен сабақтастығы мәселелері бойынша білікті консультациялық көмек көрсету;
3) сәулелік диагностиканың озық әдістері мен құралдарын, сәулелік зерттеулер жүргізудің жаңа диагностикалық әдістері мен стандарттарын, жаңа диагностикалық аппаратуралар мен жабдықтарды жүйелі игеру және практикаға енгізу;
4) пациенттер мен халыққа медициналық қызмет көрсетудің ұйымдық нысандары мен әдістерін дамыту және жетілдіру, жұмыстың сапасы мен мәдениетін арттыру;
5) бөлім жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерін жүйелі талдау және сәулелік зерттеулер жүргізу сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін оның нәтижелерін пайдалану;
6) сәулелік зерттеу әдістерінің көмегімен жасалған қорытындылардың басқа диагностикалық әдістердің нәтижелерімен, клиникалық және патологоанатомиялық диагноздармен сәйкес келмеу себептерін анықтау және талдау;
7) бөлімше персоналының біліктілігін жүйелі түрде арттыру;
8) Қоғамның ішкі еңбек тәртібі, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, бөлімшеде санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режим ережелерін сақтау, дозиметриялық өлшеулердің уақтылы жүргізілуін, бөлімше мен Қоғам жұмысының бекітілген кестесі мен тәртібін бақылау;
9) белгіленген нысандар және орындау мерзімдері бойынша өз қызметі туралы есептер беру;
10) күнделікті жұмысқа JCI стандарттарын енгізуге және сақтауға қатысу.