Кардиохирургиясы бөлімі 1

Бөлімше меңгерушісі
Мұрзағалиев Мұрадым Уралбайұлы
Кардиохирургия бөлімшесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар халыққа (Қазақстан Республикасының азаматтарына және резидент еместерге) күрделі және ауыр кардиологиялық ауруларды емдеу кезінде жоспарлы, шұғыл медициналық көмек, стационарлық көмек көрсетеді.
Бөлімшенің басым бағыттары:
Бөлімшенің басым бағыттары:
-аортокоронарлық (маммарокоронарлық) шунттау;
- сол қарыншаның геометриялық қайта құру;
- қолқа операциялары;
- жүре пайда болған және туа біткен жүрек ақаулары бар пациенттерде жүректің қақпақша аппаратын протездеу және қайта жаңарту;
- шығыс бөлігі және қолқа доғасын, оның ірі тармақтарын қайта жаңарту;
- қақпақшаны ауыстыру және қақпақшаны келтіру;
- жүрек қақпақшаларының үйлескен ақауылары мен жүректің коронарлық ауруының хирургиялық түзету;
- ересек пациенттерде туа біткен жүрек ақауын хирургиялық түзету;
- қақпақшаны тері арқылы имплантациялау;
- аз инвазивті хирургиялық емшаралар;
- ЭКСМО имплантациясы;
- жүректің коронарлық ауруы және жүре пайда болған жүрек ақауы бар науқастарда жүрекше фибрилляциясын хирургиялық емдеу.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
1. Жаңа технологияларды қолдана отырып, халыққа жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек көрсету;
2. Практикаға емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін енгізу, басқа емдеу-диагностикалық бөлімшелермен өзара байланыс және сабақтастық;
Бөлімше қызметі:
1) заманауи озық жабдықтарды, жоғары сапалы хирургиялық құралдарды, тігу аппараттарының кең спектрін пайдалана отырып, кардиохирургиялық операциялардың кез келген түрін орындау;
2) нақты диагностика, тексерудің объективті әдістерін қолдану, аурулардың жалпы және ерекше белгілерін анықтау, клиникалық диагноз қою және кардиохирургиялық аурулардың сараланған диагнозын жүргізу, жоғары білікті көмек және емдеу;
3) ашық жүрекке операциялардың барлық түрлерінен кейін пациенттерді жүргізу, оның ішінде қосалқы қан айналым құрылғысын, сондай-ақ ауыр жүрек фнкциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерді имплантациялау;
4) туа біткен жүрек ақаулары кезінде көп кезеңді кардиохирургиялық араласулар жүргізу;
5) асқынған өкпе гипертензиямен жүректің күрделі ақауларын кешенді емдеу;
6) Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
7) кардиохирургия саласында халыққа емдеу-диагностикалық көмек көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
8) сапаны арттыру жоспарын іске асыру мыналарды қамтиды: тиісті көрсеткіштердің мониторингі, стандарттар мен саясаттардың, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдерін орындау, пациенттер мен олардың отбасылары тарапынан шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарау, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобалар;
9) бекітілген жоспарға сәйкес бөлімше қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
10) Қоғамда емдеулерді және диагностикалық рәсімдерді орындау кезінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
11) JCI халықаралық аккредиттеу шеңберінде алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарын енгізуге қатысу.