Интервенциялық аритмология бөлімі

Абдрахманов А. C.
Интервенциялық аритмология бөлімі интервенциялық кардиология саласында халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған емдеу-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімшенің негізгі функиялары:
1) атеросклерозды, аритмияны, жүре пайда болған және туа біткен жүрек ақауын, кардиомиопатияны қоса алғанда, жүрек-қан тамырлары ауруларының инвазивті диагностикасын жүргізу. Жүрек трансплантациясына және қосалқы қанайналым құрылғысына кандидат болып табылатын пациенттерді тексеру.
2) нақты диагностика, тексерудің объективті әдістерін қолдану, аурулардың жалпы және ерекше белгілерін анықтау, клиникалық диагноз қою және кардиохирургиялық аурулардың сараланған диагнозын жүргізу, жоғары білікті көмек және емдеу;
3) коронарлық және перифериялық артерияларды стенттеу;
4) туа біткен жүрек ақаулары кезінде окклюдерлерді имплантациялау;
5) туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары кезінде ангиопластика жүргізу;
6) қолқа қақпақшасының протездерін имплантациялау, митральды қақпақшаны клипирлеу;
7) бүйрек артерияларының денервациясын жүргізу;
8) ЭКС, ресинхронды құрылғыларды имплантациялау, аритмиялар кезінде аблациялар жүргізу;
8) мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
9) тиісті көрсеткіштердің мониторингін, стандарттар мен саясаттардың орындалуын, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдерін, пациенттер мен олардың отбасылары тарапынан шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарауды, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобаларды қамтитын сапаны арттыру жоспарын іске асыру.