Біріккен халықаралық комиссия
Joint Commission International (JCI ) немесе Біріккен Халықаралық Комиссия — бұл медицина мекемелеріндегі науқастарға қызмет көрсетілу сапасы мен олардың өмір қауіпсіздігі деңгейінің ең жоғарғы сапасы орындалуын талап ететін ең ірі халықаралық ұйым болып табылады. Біріккен Халықаралық Комиссия тарапынан аккредитацияланған мекеме денсаулық сақтау саласындағы үздік мекеме саналатындығы даусыз. 2014 жылдың 5 қарашасында Жүрек орталығы JCI халықаралық аккредитациясынан өтіп, халықаралық деңгейдегі сапа символы саналатын «Алтын Құптау Белгісіне» ие болды. Аккредитацияланған мекеме өзге елдерге сапар шегу сәтінде науқастанған адамдар үшін сенім кепілдігі ретінде қабылданады, мұндай мекемедегі медициналық қызмет көрсету деңгейі ең жоғарғы деңгейде деп саналады. Аталмыш қадам орталықтың әлемдегі ең үздік медициналық мекемелер қатарынан көрінуіне мүмкіндік беретін болады.