Жүрек орталығы туралы
«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды және өз есігін 2011 жылдың 12 қазанынан бастап ашты.
Орталық медициналық қызмет көрсету мен сервистің сапасы мен деңгейі бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, ғылыми-білім беру қызметінде отандық және халықаралық танымға ие, қуатты кадрлық әлеуеті бар, тиімді корпоративтік және бизнес-бағдарланған басқаруы бар Орталық Азия өңіріндегі жетекші кардиохирургиялық орталық болып табылады.
Орталықта 6 операциялық және 36 төсек-орынға арналған екі реанимациялық бөлімше бар. Орталық 200 төсек-орынға есептелген.
Медициналық көмек
Орталық келесі бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетеді:
-Кардиология;
-Кардиохирургия;
-Интервенциялық кардиология;
-Интервенциялық аритмология;
-Сәулелік Диагностика (УДЗ, Рентген, Эхокардиография, МРТ, МСКТ);
-Зертханалық диагностика.
Орталықтың негізгі клиникалық бағыттары:
-Туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауларын емдеу;
-Жүректің ишемиялық ауруы;
-Жүрек жеткіліксіздігі;
-Жүрек ырғағының бұзылуы.

Орталықтың бірегей жетістіктері қосалқы қанайналым құрылғыларын (VAD) имплантациялау және жүректі трансплантациялау болып табылады.
2014 жылдың 20-23 қазан аралығында Орталық пациенттер қауіпсіздігі және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес Біріккен халықаралық комиссияның (Joint Commission International) аккредитациясынан сәтті өтті.
Бренд
Орталық Қазақстандық бірегейлікті, денсаулық сақтаудың үздік халықаралық үлгісі мен ғылыми тәжірибені үйлестіретін кардиохирургиядағы ұлттық бренд ретінде дамуда. Осы бағытта Орталықтың серіктестері Германия, Италия, Бельгия, Франция, Түркия, АҚШ және Израильдің жетекші клиникалары болып табылады.
Кәсібилік
Жоғары жауапкершілік деңгейі бар кешендегі іске кәсіби көзқарас жүрекке жоғары технологиялық операциялар жүргізілетін 22 үздік клиника қатарына кіруге мүмкіндік берді.
Орталық қызметін пациенттер мен серіктестер мақтан тұтады.