Көмекші қан айналым зертханасы бар операциялық бөлімше

Калиев Рымбай Болатович
Қосалқы қанайналымы зертханасы бар операциялық бөлімше халыққа кардиохирургия саласында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) кардиохирургиялық бөлімшелер арасында операциялық процесті үйлестіру, үздіксіз жұмысты ұйымдастыру;
2) жүрек аурулары бар халыққа жоғары білікті жоспарлы және шұғыл хирургиялық көмекті ұйымдастыру және көрсету;
3) бөлімше қызметкерлерінің ауруханаішілік жұқтырудың және операциядан кейінгі іріңді-септикалық асқынулардың алдын алу және ескерту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруы;
4) жүрекке және магистральдық тамырларға кардиохирургиялық операцияларды орындау кезінде жасанды қанайналымын жүргізу;
5) операциядан кейінгі ерте кезеңде жіті жүрек тамыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қосалқы қанайналымын ұйымдастыру және қолдау;
6) кардиохирургиялық операциялар кезінде аутоқанды жинау, өңдеу және трансфузиялау;
Бөлімше қызметі:
1) қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің, Қоғамның ішкі құжаттарының және халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, халыққа мамандандырылған және жоғары білікті кардиохирургиялық көмек көрсету;
2) мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
3) экстракорпоралдық қанайналымы саласында халыққа емдеу-диагностикалық көмек көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
4) JCI халықаралық аккредиттеу шеңберінде алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарын енгізуге қатысу.