Катетеризация зертханасы

Мусаев А. А.
Катетеризация зертханасы асептика, антисептика және радиациялық қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтай отырып, операциялық хирургиялық блок режимінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған емдеу-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
1) жоғары мамандандырылған диагностикалық және емдеу жұмыстарын жүргізу;
2) практикаға диагностика мен емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін енгізу, JCI халықаралық аккредиттеу шеңберінде алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарын енгізуге қатысу;
3) денсаулық сақтау мекемелерінің басқа да емдеу-диагностикалық бөлімшелерімен өзара байланыс және сабақтастық.
Бөлімшенің функиялары:
1) қолданыстағы нормативтік - құқықтық актілердің, ішкі құжаттардың және халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету және халыққа рентгенохирургиялық емдеу араласуларын жүргізу;
2) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
3) интервенциялық кардиология саласында халыққа емдеу-диагностикалық көмек көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
4) жүрек пен қан тамырларын зерттеудің рентгеноконтрасты әдістерін қолдану арқылы диагностикалық зерттеулер жүргізу;
5) жүрек пен қан тамырларын жоспарлы рентген-контрасты зерттеу әдістерінің нәтижелері бойынша қорытынды беру келесі күннен кешіктірмей, ал шұғыл жағдайларда, зерттеу аяқталғаннан кейін бірден;
6) басқа диагностикалық әдістермен бірге пациенттерді тексерудің кешенді бағдарламасын ұйымдастыру;
7) емдеу-алдын алу мекемелерінің дәрігерлерімен пациенттерді жүрек пен қан тамырларын рентгеноконтрастикалық зерттеу әдістеріне жіберудің дұрыстығы мен негіздемесі мәселелері бойынша әдістемелік жұмыс;
8) Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бөлімшенің өзара іс-қимылын үйлестіру;
9) зертханалық қызметтер сапасын басқару жүйесін құру және жұмыс істеуі;
10) сапаны арттыру жоспарын іске асыру мыналарды қамтиды: тиісті көрсеткіштердің мониторингі; стандарттар мен саясаттарды, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдерін орындау; пациенттер мен олардың отбасылары тарапынан шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарау; көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобалар.