Интервенциялық кардиология бөлімі

Бөлімше меңгерушісі
Гончаров Алексей Юрьевич
Интервенциялық кардиология бөлімшесі интервенциялық кардиология саласында халыққа стационарлық медициналық, оның ішінде жоғары технологиялық, сондай-ақ жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
1) стационарлық медициналық көмек, жоғары технологиялық медициналық көмек, халыққа жедел шұғыл медициналық көмек жүргізу;
2) практикаға емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін енгізу;
3) басқа емдеу-диагностикалық бөлімшелермен жұмыстағы өзара байланысы мен сабақтастығы.
Бөлімншенің негізгі функциялары:
1) атеросклерозды, жүре пайда болған және туа біткен жүрек ақаулары, кардиомиопатияны қоса алғанда, жүрек-тамыр ауруларына инвазивтік диагностика жүргізу. Жүрек трансплантациясына және қосалқы қанайналым құрылғысына үміткер болып табылатын науқастарды тексеру.
2) диагностика, тексерудің объективті әдістерін қолдану, аурулардың жалпы және ерекше белгілерін анықтау, клиникалық диагноз қою және кардиохирургиялық аурулардың сараланған диагнозын жүргізу, жоғары білікті көмек және емдеу;
3) коронарлық және перифериялық артерияларды стенттеу туа біткен жүрек ақаулары кезінде окклюдерлерді имплантациялау туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары кезінде ангиопластика жүргізу қолқа қақпақшасының протездерін имплантациялау, митральды қақпақшаны клиппирлеу;
4) бүйрек артерияларының денервациясын жүргізу, ЭКС имплантациясы.
5) мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
6) сапаны арттыру жоспарын іске асыру мыналарды қамтиды: тиісті көрсеткіштердің мониторингі; стандарттар мен саясаттардың, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдерінің орындалуы; пациенттер мен олардың отбасылары тарапынан шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарау; көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобалар;
7) бөлімше қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
8) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау;
9) сапаны арттыру жоспарын іске асыру мыналарды қамтиды: тиісті көрсеткіштердің мониторингі; халықаралық стандарттар мен саясаттардың, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдерінің орындалуы; пациенттер мен олардың отбасылары тарапынан шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарау; көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобалар.