Кардиохирургия бөлімшесі 1

Мукаров Мурат Аманжолович
Кардиологиядағы барлық техникалық және зертханалық-құралдық жетістіктерді практикада табысты қолданатын тәжірибелі және жоғары кәсіби дәрігерлердің арқасында Қазақстандағы ең озық бөлімшенің бірі кардиология 1 бөлімшесі болып табылады. Бөлімшеде жүрекке хирургиялық араласуға дайындық, коронарография, қосалқы құрылғыларды имплантациялау, бүйрек артериясын денервациялау және т. б. жүргізіледі.
Кардиологиялық бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:
-сыртқы күшейтілген контрпульсацияны, соққы-толқынды терапияны қоса алғанда, кардиореабилитацияның ең заманауи әдістерін пайдалана отырып, жүре пайда болған жүрек ақаулары, кардиомиопатиялар бар жүректің ишемиялық ауруының созылмалы тұрақты нысандары бар пациенттерді тексеру және емдеу;
-жіті миокард инфарктісі, үдемелі стенокардиясы бар, оның ішінде шұғыл коронарографияны, баллонды ангиопластиканы және коронарлық артерияларды стенттеуді қолдана отырып емделушілерді емдеу;
-эндоваскулярлы операциялық араласуларды дайындау және жүргізу: баллонды ангиопластика және коронарлық артерияларды стенттеу;
-аортокоронарлық шунттау операциясы үшін пациенттерді дайындау • * қосалқы қанайналым құрылғыларын имплантациялау операциясы үшін пациенттерді дайындау; • гипертониялық ауруы, симптоматикалық артериялық гипертензиясы бар пациенттерді диагностикалау, тексеру және емдеу;
-ырғақты шұғыл немесе жоспарлы қалпына келтіруді қоса алғанда, жүрек ырғағының әртүрлі бұзылыстары бар пациенттерді тексеру және емдеу;
- жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерді тексеру және емдеу;
-туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар пациенттерді тексеру және емдеу, операциялық араласуға дайындық;
-эндокард, миокард, перикард, кардиомиопатия аурулары бар пациенттерді тексеру және емдеу.