Кардиохирургия бөлімшесі 1

Мырзахметова Гульжан Шалатаевна
Бөлімше кардиология саласында халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған емдеу-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған кардиологиялық көмек көрсету;
емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін жетілдіру және практикаға енгізу;
Денсаулық сақтау мекемелерінің басқа емдеу-диагностикалық бөлімшелерімен өзара байланыс және сабақтастық.
Бөлімше қызметі:
-қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің, Қоғамның ішкі құжаттарының және халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған кардиологиялық көмек көрсету;
-мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
-кардиология саласында халыққа емдеу-диагностикалық көмек көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
-бөлімшенің қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын үйлестіру;
-бөлімшенің құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асырады;
-ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізу және дамыту.