Отадан кейін LVAD құрылғысын қалай пайдалануға болады
LVAD отасы жүргізілгеннен кейін ағзаның қайта қалпына келіп, емделуі – біртіндеп орындалатын процесс саналады. Форумдарда берілетін өзге науқастардың тәжірибесі аса пайдалы ақпаратты қамтуы мүмкін. Ағзаның қайта қалпына келуіне көптеген факторлар әсер етеді. Бұл ретте нақты анықталған уақыт мерзімі жоқ және әр науқастың жағдаяты әртүрлі болады. Сондықтан сіздің ота тәжірибеңіз өзге науқастың тәжірибесінен мүлдем өзгеше болуы мүмкін.
Алайда қалпына келтіру әрекетінің мақсаты әрдайым айқын – сізді үйіңізге толық сауықтырып қайтару. Бұл мақсатқа қол жеткізу оңай емес, жақсы да, ауыр да күндер кездесуі мүмкін. Алайда біздің арнайы тобымыздың, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың көмегіне жүгіне отырып, сіз қажетті нәтижеге қол жеткізе аласыз.
Отадан кейін
LVAD құрылғысы орнатылғаннан кейін сізді бірден интенсивті терапия бөліміне орналастырады (ОИТ), мұнда сіз бірнеше күн бойына арнайы бақылауда боласыз. Осы мерзім ішінде сіздің ағзаңызға сұйықтықтар мен дәрілер тамырасты инъекциясы арқылы беріледі (ВВ), сол секілді өз бетіңізбен дем алу мүмкіндігіңіз пайда болғанша, сізді өкпені механикалық желдету жүйесіне қосатын болады. Сол секілді несеп сұйықтығын шығару үшін қуығыңызға арнайы түтік (катетер) және сұйықтық пен қанды шығару үшін кеуде бөлігіңізге арнайы түтік орнатылатын болады.
Өкпені механикалық желдету жүйесінен алып тастау
Дем алу түтігі алынып тасталғаннан кейін сіз жиі жөтеліп, терең дем алып және белгілі бір уақыт көлемінің аралығында көмекші спирометрді пайдалануыңыз қажет. Пневмония секілді аса қатаң респираторлық ауырсынулардың алдын алу үшін медбике мен пульмонологтың нұсқауларын бұлжытпай орындау керек.
LVAD құрылғысымен ағзаны қайта қалпына келтіру және қалыпты өмірге дайындалу
Интенсивті терапия бөлімінен шыққаннан кейін сізді қалпына келудің қалған мерзіміне кардиология бөліміне ауыстырады. Нақ осы мезетте медбикелер, физитерапевт мамандар, кәсіби дәрігерлер сіздің біртіндеп белсенді қалыпқа көшіп, күшіңіз, тәуелсіз қалпыңыз бен дене қызметіңізді қалпына келтіруіңізге көмектесетін болады
Аталмыш сатыда сіз медбикелердің көмегімен LVAD құрылғысын пайдалануды үйрене бастайсыз (егер басталмаса). Ауруханада қайта қалпына келу кезінде туыстарыңыз бен достарыңыздың келіп тұрғандығы аса маңызды – бұл сіздің көңіл – күйіңіздің көтеріңкі қалыпта сақталып, сіздің LVAD құрылғыңыз туралы мәліметке қанығуына мүмкіндік береді.