Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егіле ме?
«Спутник V» вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды, сәйкесінше оны тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады.
Қазақстанда өндірілген вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-ші кезеңінен өтуде. Бүгінгі күні отандық вакцина жөніндегі бекітілген нұсқаулық жоқ, сондықтан осы вакцина бойынша контингент анықталуда.
