Миссиясы, пайымы, мақсаты
UMC миссиясы
Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында болашақ денсаулық сақтау мамандарын үздіксіз оқыту, әрі үйрету, сондай- ақ емдеудің инновациялық әдістерін зерттей және ойлап таба отыра, пациенттерге қамқорлық көрсету, әрі олардың сауығуларына ықпал ету.
UMC пайымы
UMC - халықтың денсаулығына, әрі денсаулық сақтау жүйесіне төмендегілер арқылы әрекет ететін Қазақстандағы және өңірдегі біріктірілген жетекші академиялық медициналық орталық:
-
көрнекті медициналық күтімді ұсыну;
-
көпшілік мойындағын халықаралық бағдарламалардың негізінде денсаулық сақтау мамандарын даярлау;
-
нәтижелерін тәжірибемен көрсете отыра, алдыңғы қатарлы ғылыми және инновациялық зерттеулерге бастама білдіру және оларға қатысу.
UMC құндылықтары
UMC эмпатияны, сыйластықты, адалдықты, жауапкершілікті, жетілдіруге деген ұмтылысты және қоғамға қызмет етуді өзінің негізгі құндылықтары ретінде айқындап алды.

Дамудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
| 1-мақсат | Пациенттердің қажеттіліктеріне назар аудара отыра, медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру |
|---|---|
| 1.1 | Алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсету |
| 1.2 | Алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсету |
| 1.3 | Мүлтіксіз мейіргерлік күтім |
| 1.4 | Пациентке орталықтандырылған қызметтер (пациенттер мен олардың туыстарының дағдыларын талдау) |
| 2-мақсат | Денсаулық сақтау мамандарын оқыту және тәжірибеге дайындаудағы сапа мен инновация |
| 2.1 | UMC және НУММ білім беру бағдарламалары мен процестерін біріктіру |
| 2.2 | UMC- дәрігерлік кадрларларды даярлаудағы бірегей алаң |
| 2.3 | Мейіргерлік білім |
| 3-мақсат | Ғылыми- зерттеу қызметі |
| 3.1 | NU Medicine аясындағы ғылыми қызмет |
| 3.2 | Зерттеу инфрақұрылымы мен ресурстарын дамыту |
| 3.3 | Мейіргерлік зерттеулер |
| 4-мақсат | Қаржылық тұрақтылық пен тиімді басқару жүйесін қамтамасыз ету |
| 4.1 | Қаржылық тұрақтылық |
| 4.2 | Тиімді басқару |
| 4.3 | ИАМО – ның адами капиталы мен мәдениеті |
| 4.4 | UMC- «деректерге негізделген» медициналық ұйым |
| 4.5 | Қолайлы инфрақұрылым |
