Қан айналымын механикалық қолдау LVAD қызметі

Қызмет меңгерушісі
Хисамутдинов Наиль Фанильевич
LVAD қызметінің миссиясы
Өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсарту мақсатында имплантацияланған жүрек көмекші құрылғысы бар пациенттерге білікті медициналық көмек пен қолдау көрсету.
Пайымдау
Қызмет өз жұмысын халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады және ұлттық пен халықаралық деңгейде танылады.
Қызметтің негізгі функциялары:
1. LVAD имплантациясына байланысты іс-шараларды үйлестіру, соның ішінде имплантация үшін пациенттерді іріктеу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу, пациенттер мен олардың туыстарын оқыту, операцияның өзіне қатысу және операциядан кейінгі ерте күтім, ұзақ мерзімді мониторинг жүргізу.
2. Халықаралық стандарттарға сәйкес LVAD қолданатын пациенттерді бақылау, емдеу және оңалту үшін алгоритмдер мен клиникалық хаттамаларды әзірлеуіне қатысу.
3. LVAD пациенттерін басқарумен және емдеумен айналысатын медицина мамандарының біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
4. LVAD бар пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелеріне арналған ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар дайындау және өткізу.
5. Тәжірибе алмасу және озық тәжірибелерді беру үшін LVAD бар пациенттерге медициналық көмек көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату және дамыту.
6. LVAD құрылғылары бар пациенттердің ақпараттық дерекқорын, медициналық құжаттаманы және есептілікті жүргізу.
|
Т. А. Ә. |
Лауазымы | Телефон |
|---|---|---|
|
Хисамутдинов Наиль Фанильевич
|
Қызмет меңгерушісі |
+7 707 117 57 52
|
|
Пайызхан Мақпал Әсілханқызы
|
VAD-үйлестіруші, аға мейіргер, Мейіргер ісінің бакалавры |
+7 700 550 07 63
|
|
Оспанова Гульден Турсынбаевна
|
VAD-үйлестіруші, Мейіргер ісінің бакалавры |
+7 771 267 29 00 |
|
Назимова Маржан Мухтаровна |
VAD-үйлестіруші, Мейіргер ісінің бакалавры |
+7 701 677 79 76 |
| Доскенова Жайна Маратқызы |
VAD-үйлестіруші
|
+7 708 809 05 98 |
| Туменбаев Руслан Абдрахманович |
VAD-үйлестіруші |
+7 778 556 03 99 |
