ТМККК-ға жатқызу
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды. ТМККК-ға кіреді:
1. Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация;
2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК); МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлемдер шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша, шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың болуына қарамастан стационарлық медициналық көмек;
4. МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.
ТМККК бойынша емдеуге жатқызу
ТМККК шеңберінде ҰҒКО пациенттерді емдеуге жатқызу схемасы
МСАК дәрігері қабылдауында, емдеуге жатқызуға айғақтарды растау.
Клиникалық-диагностикалық тексерулерден өту.
Емдеуге жатқызу туралы мәселені шешу үшін МСАК дәрігері пациент құжаттарын ҰҒКО жібереді.
Оң шешім қабылданған жағдайда құжаттар Облыстық денсаулық сақтау басқармасының (ДСБ) өңірлік комиссиясына жіберіледі.
ДСБ пациенттің өтінімін емдеуге жатқызу бюросы порталына енгізеді.
Жоспарлы емдеуге жатқызу талонын алу.
Емдеуге жатқызу үшін қажетті құжаттарды қалыптастыру.
ҰҒКО емдеуге жатқызу.
- Орталықтың кардиологиялық бөлімшесінде емдеуге жатқызу үшін қажетті құжаттар мен зерттеулер тізбесі
- Орталықтың кардиохирургиялық бөлімшесінде емдеуге жатқызу үшін қажетті құжаттар мен зерттеулердің тізбесі
- Орталықтың интервенциялық кардиология бөлімшесінде емдеуге жатқызу үшін қажетті құжаттар мен зерттеулер тізбесі
- Орталықтың интервенциялық аритмология бөлімшесінде емдеуге жатқызу үшін қажетті құжаттар мен зерттеулер тізбесі