• Каз
  • Рус
  • Eng

Орталық қызметтері

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Республика халқына жоғары мамандандырылған кардиологиялық, кардиохирургиялық және интервенциялық кардиологиялық көмекті қол жетімді және кардиохирургиялық операциялардан кейін кешенді қалпына келтіру көмегін жоғарылату үшін Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынды.

Орталық 200 төсек орынға есептелген. Орталыққа науқастарды госпитализациялау 2011 жылдың 12 қазан айынан бастап жүргізіледі. Орталық қазіргі заманғы кардиология, кардиохирургия, интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіреді және ересектермен қатар балаларға да көмек көрсетеді.

Орталықтың негізгі клиникалық бағыттары:
  1. Ересектерге, соның ішінде жүрек функциясы жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы науқастарға кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету.
  2. Жаңа туған нәрестелер мен балаларға кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету.
  3. Науқастарға интервенциялық кардиологиялық және аритмологиялық көмек көрсету.
  4. Науқастарға кешенді қалпына келтіру көмегін көрсету.
Қазіргі таңда Орталықта 800-ден аса қызметкер, соның ішінде 152 дәрігер және 276 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. 2012 жылы Орталықта 6 мыңнан астам науқас емделіп шықты, 5238 операциялық араласулар, соның ішінде ашық жүрекке 1574 операция жасалды. Ем қабылдаған науқастардың 675-і балалар, олардың 461-не операция жасалды, оның ішінде 68 науқас жаңа туған нәрестелер болды. Сонымен қатар, Орталықта жүрек-қантамыр патологиясы бар науқастарды емдеудегі үш жаңашыл клиникалық жобалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізіледі:
  • Созылмалы жүрек функциясы жеткіліксіздігінің хирургиялық емі
  • Жүректің қақпақшалық ақауларының интервенциялық емі
  • Балалардың туа біткен жүрек ақаулары кезіндегі интервенциялық араласулар.
Орталықтың ашылған уақытынан бастап 14 жаңашыл технологиялар енгізілді. Сонымен бірге, 2012 жылы 361 астам бірегей операциялар жасалды.

Кардиохирургия бойынша:
  • Жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау.
  • ROC Safe модульді перфузиялық жүйесін қолданып жасайтын операциялар.
  • Жүрек трансплантациясы.
  • Cardioblate жүйесінің операцияішілік радиожиілікті аблациясын қолданып қолқакоронарлық шунттеу жасау. Cardioblate жүйесінің операцияішілік радиожиілікті аблациясын қолданып жүрек қақпақшаларына протез жасау.
  • Аз инвазивті кірісті пайдаланып кардиохирургиялық операциялар жасау.
  • Биологиялық қолқалық қақпақшаны тігіссіз имплантациялау.
  • Жүрек және тыныс жеткіліксіздігінің ауыр түрлерін емдеудің әдісі ретінде экстракорпоралдық мембрандық оксигенация.
Интервенциялық кардиология бойынша:
  • Қарынша аралық перденің ақауын катетер арқылы жабу.
  • Қолқа қақпақшасының тері арқылы транскатетерлік имплантациясы.
  • Қос жармалы қақпақшаға клипса салу.
  • Қос жармалы қақпақшаның саңылауының тарылуына балонды вальвулопластика жасау.
  • Емге төзімді артериялық гипертензияны емдеу кезінде бүйректік денервация әдісі.
  • Сол жақ жүрекшенің құлақшасын транскатетерлік жабу.
2011 жылдың 13 желтоқсанында соңғы үлгідегі Heart Ware Ventricle Assist Device (VAD) құрылғысы имплантацияланды, сөйтіп, Қазақстан ашық жүрекке бірегей, жоғары технологиялы операциялар жасайтын әлемнің 22 елінің қатарына енді. Бұл бірегей құрылғының ерекшелігі, оны дене салмағы төмен науқастарға имплантация жасау, сонымен қатар сол және оң жақ қарыншалық қосымша құрылғы ретінде қолдану мүмкіндігі, бұл фактілі түрде донорлық жүректің толық ұқсастығы болып табылады.

2012 жылдың 8-ші тамызында алғаш рет созылмалы жүрек функциясы жеткіліксіздігі бар науқасқа донорлық жүректің трансплантациясы жүргізілді. 2011-2014 жылдардың ішінде Орталықтың базасында шамамен 20 шақты жаңа медициналық технологиялар енгізіледі, соның ішінде:
  • Жүрек функциясы жеткіліксіздігін емдеудің аз инвазивті әдістері
  • Жүрек және «жүрек – өкпе» кешенінің трансплантациясы
  • Жүректің ишемиялық ауруын емдеудің хирургиялық емес әдістері
  • Өмірінің алғашқы уақытындағы балалардың туа біткен жүрек ақауларын хирургиялық емдеу.
Әлемнің келесі жетекші ауруханалары Орталықтың серіктестері болады: Германия, Италия, Бельгия, Франция, Түркия, АҚШ.

Болашақтың басты бағыттар:
  • Жүрек функциясы жеткіліксіздігін емдеудің аз инвазивті әдістерін дамыту.
  • Жүректің роботталған хирургиясы.
  • Трансплантологияны дамыту.
  • Жүректің ишемиялық ауруын емдеудің хирургиялық емес әдістері.
  • Неонаталды кардиохирургияны дамыту.
  • Феталды кардиохирургияны дамыту. Қазіргі таңда Орталықта 25 дәрігер «Кардиохирургия» және «Кардиология», «Сәулелі диагностика» және «Функционалды диагностика» мамандықтары бойынша ұстаздық қызметтерін жүргізеді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі білім алуға мемлекеттік білімдік тапсырыс шеңберінде 2016-2017 жылдарға мына мамандықтар бойынша резидентура ашылды: 
  1. «Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы»;
  2. «Сәулелі диагностика».

Перечень оказываемой помощи ВСМП