• Каз
  • Рус
  • Eng

Миссиясы, мақсатқа сәйкестілігі, мақсаты



Миссиясы, мақсатқа сәйкестілігі, мақсаты


Миссиясы

Жүрек қан тамырлары аурулары бар тұрғындардың денсаулығын жақсарта отыра, біз күтілетін өмір ұзақтығын арттыруға көмектесеміз

Пайымы

Инновация, білім, ғылым мен тәжірибе тәсілдемелерінің бірлесуі негізінде халықаралық сапа және емделуші қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес қызмет атқаратын Орталық Азия өңіріндегі жетекші кардиохирургиялық орталық


DSC_0521.jpg

Стратегиялық бағыттары:

  1. Сапала медициналық қызметтің қолжетімділігін жақсарту
  2. Денсаулық сақтау жүйесінің өнімділігін арттыру
  3. Ғылыми-зерттеу және білім жүйесін жетілдіру, және инновациялық технологияларды енгізу

Негізгі стратегиялық қағидалары:

  • Емделушіге бағдарлану: Емделушілер мен келушілер үшін сапа, қауіпсіздік және жайлылықты қамтамасыз етумен әр емделушіге жоғары кәсіби біліктілік пен абыройын құрметтеу негізінде медициналық қызмет көрсету.
  • Академиялық: кардиохирургиялық орталық жаңа формациядағы медициналық кадрларды қалыптастыруға және кәсіби қызметтердәі барлық деңгейінде үздіксіз білім беру үрдісін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
  • Халықаралық сапа стандарттары: Үздік халықаралық медициналық қызмет сапа стандарттарының медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің барлық аспектілеріне сәйкестігі.
  • Бәсекеге қабілеттілік: Әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, халықаралық ғылыми-клиникалық және білім беру қоғамдастығына бірлесу және халықаралық медициналық қызмет көрсетудің нарығына шығу.
  • Мираскерлік және кешенділік: Халықаралық стандарттар деңгейінде барлық медициналық қызметтер түрлері мен дәрежесін ұсыну.
  • Әлеуметтік жауапкершілік: Тек емделушілердің игілігі үшін ғана емес, тұтастай тұрғындар үшін жұмыс істеу – денсаулықты жақсарту және сақтау, өмір сүру сапасын арттыру.
  • Қаржылық тұрақтылық: Байлық үшін емес, әрі қарай қызметті академиялық қолдау мен дамыту үшін жеткілікті қаржылық серпіністі қамтамасыз етуде жұмыс атқару.
  • Басқару транспаренттілігі: Клиника қызметінің ашықтығын, яғни кең ауқымды қоғам үшін толық және шынайы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету.