Жаңалықтар
Sentient Summit 2024 халықаралық саммитіне қатысу
26.01.2024UMC Жүрек Орталығының дәрігерлері Үндістанның Бангалор қаласында өткен Sentient Summit 2024 халықаралық саммитіне қатысты. Іс-шара пациенттерді емдеудің жаңа әдістерін іздейтін жалпы тәжірибелік дәрігерлерді, кардиохирургия, интервенциялық кардиология саласындағы жетекші мамандарды біріктірді. Үш күн ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен мыңнан астам қатысушы қызықты пікірталастардың куәсі болды, жүректің құрылымдық ауруларын емдеу саласындағы өз идеяларымен және инновациялық шешімдерімен бөлісті.
UMC Басқарма Төрағасы Юрий Пя «Out of the Box» сессиясы кезінде UMC Жүрек Орталығы командасының TAVI-ді механикалық қақпақшаға өткізу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ ол екі сессияға сарапшы ретінде қатысты, онда қатысушылар кардиохирургиялық араласуды талқылады.
Катетеризация зертханасының меңгерушісі Абдурашид Мұсаев «Hind Sight: a Luxury That we don't Have During Cases - learn from the Masters» сессиясында модератор және баяндамашы ретінде сөз сөйледі. Ол «таза қолқа жеткіліксіздігінде TAVI асқынулары және жүргізілуі» тақырыбында кейс ұсынды.
Интервенциялық кардиолог Серік Әлімбаев екі сессияда сарапшы ретінде сөз сөйлеп, тәжірибе алмасуға және белсенді пікірталасқа өз үлесін қосты. Сессиялардың бірі жақында біздің команда бейімдеген BASILICA процедурасына арналды.
Саммитте пациенттердің сирек кездесетін клиникалық жағдайлары, аз инвазивті терапияның заманауи мүмкіндіктері және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудегі гибридті операциялардың болашағы талқыланды.