Жаңалықтар
UMC Жүрек Орталығында донорлық азға трансплантациялау бойынша ота жасалды
09.01.20242023 жылдың 28 желтоқсанында UMC Жүрек Орталығында ағза трансплантациясы бойынша екі ота жасалды. Донор Өскемен қаласынан табылып, оның туыстары ағза донорлығына келісім берді. Клиника командасы ағзаны ауыстыру үшін күту парағында тұрған дилатациялық кардиомиопатиясы бар 53 жастағы пациентке жүрек трансплантациясын және 36 жастағы пациентке өкпе трансплантациясын жасады.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 7 қаңтарында Орталықтың командасы күрделі жүрек жеткіліксіздігі бар 39 жастағы пациентке жүрек трансплантациясын сәтті жасады. Ағза доноры бұған дейін геморрагиялық инсультке (бас миына қан құйылу) шалдыққан. Қазіргі уақытта барлық реципиенттердің жағдайы бірқалыпты, олар клиникада оңалтудан өтіп жатыр.
Ағза трансплантациясын жасауға келісім беріп, көптеген адамның өмірін құтқарып қалған барлық донорларға және олардың туыстарына алғыс айтамыз. Сондай-ақ, санитарлық авиация, медициналық және мемлекеттік қызмет мамандарына бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіреміз.