Жаңалықтар
Үндістаннан келген әріптестерге арналған TAVI имплантациялау бойынша шеберлік сабағы өтті
25.09.2023Өткен аптада Жүрек Орталығында TAVI транскатетерлік қолқа қақпақшасын имплантациялау бойынша шеберлiк сабағы өтті. Оқытуға Үндістаннан келген шетелдік әріптестер келді, олар бір апта ішінде клиникалық жағдайларды талқылауға қатысып, алған білімдерін практикада қолданды. Шеберлік сабақтың барысында жасанды клапанды имплантациялау бойынша 10 процедура орындалды.
2020 жылы клиникада Халықаралық тренинг орталығы ашылғаннан бері Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Ресей, Әзірбайжан және Үндістаннан 115 шетелдік маман оқудан өтті.