Жаңалықтар
AVEIR кардиостимуляторын имплантациялау бойынша мастер-класс
01.09.2023Жүрек ырғағының бұзылуы және жүректің электр импульстарының ауытқулары адамның жалпы денсаулық жағдайына үлкен әсер етеді. Көбінесе брадикардия дамыған кезде (баяу жүрек ырғағы) ауытқуларды бақылайтын және дұрыс электрлік импульсті ынталандыратын кардиостимуляторды имплантациялау қажет. Құрылғы қауіпті аритмияны жоюға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.
Жүрек Орталығында кардиостимуляторды имплантациялау бойынша кезекті шеберлік сабағы өтті. Клиника мамандары 5 операция жасап, пациенттерге AVEIR жаңа буынды электродсыз кардиостимуляторын орнатты. Бұл құрылғының жарамдылығы, алдыңғы әзірлемелермен салыстырғанда, екі есе ұзақ және феморалды венасы арқылы катетер көмегімен жүректің оң қарыншасына енгізіледі.
Шеберлік сабағына елордалық және өңірлік медициналық орталықтардың әріптестері, сондай-ақ Түркиядан келген маман қатысты. Бұл технологияны ТМД елдері арасында алғаш рет 2023 жылдың шілде айында Жүрек Орталығының мамандары енгізді және оны Қазақстанда дамытуды жалғастыруда.