Біз туралы БАҚ
Жүрек ауруларымен күресудің жаңа жолы
Жүрек ауруларымен күресудің жаңа жолы. Соңғы жылдары елімізде аса ауыр жағдайдағы науқастар шекара аспай-ақ, елімізде емделетін болды. Бір ғана Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жылына 1700 ота жасалады. Жас-мөлшерде шектеу жоқ. Тіпті, кейінгі кездері жүрек сырқатына шалдыққан жүкті әйелдер мен салмағы 15-келіге жетпейтін сәбилерге де ота жасалып жатыр. Бұл - білікті әрі білімді дәрігерлермен қатар жаңа аппараттардың көмегі.
Мысалы, бір ғана ЭКМО құрылғысы өте ауыр хәлдегі науқасты аяққа тұрғыза алады. Оның көмегіне осы күні 50-ге жуық қазақстандық жүгінген. Аталған құрылғы өкінішке орай, бір ғана Кардиохирургия орталығында ғана бар.
Еліміздің басқа аймақтарына орналастыру мүмкіндігі жоқ. Дәрігерер болса, тым асқынған сырқаттарға бұл аппараттың да көмегі болмайтынын жасырмады. Кардиохирургия орталығында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты кезінде орталық қызметкерлері осылай деді.
Салтанат Андосова, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бөлім меңгерушісі:
Жасыратыны жоқ, ота жасаған кезде сәтсіз аяқталатындары да бар. Бірақ ол, ең алдымен науқастардың өз денсаулықтарына дұрыс қарамауынан. Асқындырып жібергенінен болады.
Айжан ІЛИЯСҚЫЗЫ
http://astanatv.kz/news/show/id/11495.html