ЭКМО-ның артықшылықтары мен қауіп-қатерлері
ЭКМО-ның басты артықшылығы оның өкпені жасанды вентиляциямен қорғау режимінде ағзаға оттегіні жеткізуді қамтамасыз ету қабілеті болып табылады. Соңғысы өкпе тінінің қалыпты функциясын қалпына келтіруге, оның нәтижесінде тыныс алу "эстафетасын" қабылдауға уақыт әрі мүмкіндік береді. Оттегіні жеткізу қанықтырылған қанды арнайы помпа арқылы ірі артерияларға және жүрекке айдау жолымен жүзеге асырылады. Бұл ЭКМО аппаратының қажет кезінде жүректің сорғы функциясын да қамтамасыз ететінін немесе қолдайтынын білдіреді.ЭКМО жүргізу кезінде басты қауіп қан кету болып табылады. Ағзадан алынатын және күрделі түтіктер жүйесі арқылы өтетін қан осы жолда пластикпен жанасатындықтан, ұйып қалуы (ұйысқан қан туындатуы) мүмкін. Мұны болдырмау мақсатында ағзаға тәулік бойы Гепарин атаулы қан сұйылтатын дәрі егіледі. Бұл, өкінішке орай, қан кетуге алып келуі мүмкін. Ол кез келген дене мүшесінде болуы мүмкін, бірақ денсаулық үшін аса қауіпті салдары миға қан құйылу кезінде дамиды. Ота жасау қажеттілігі кезінде қан кету қаупі аса жоғары болады. Сондықтан ЭКМО-дағы кез келген науқасқа қан және оның құрамдастарын құюды қажет болуы мүмкін. Қан құюдың кез келген басқа шарасында сияқты мұнда да аллергиялық реакция және жұқпа (вирустық гепатит, ВИЧ және т.б.) жұқтыру қаупі (өте төмен болса да) бар. Клиникаға түсетін барлық қан өнімдері мен құрамдастары Қан орталығынан мұқият дайындалғаннан және тексерілгеннен кейін жеткізілетінін айта кеткен жөн.
Мұндай ауыр санаттағы емделушілерді емдеу кезінде басқа да «күтпеген кедергілер» болады. Олар тікелей ЭКМО-ға байланысты емес: пневмония, сепсис, про-лежни, моралдық әлсіреу және т.б, науқастың жан сақтау бөлімшесінде ұзақ болуымен байланысты. Біздің Орталықта қажетті жабдықтардың бәрі бар, ал ұжым осындай асқынған дерттерді алдын алу мен емдеудің тиімді әдісін үйренген.