Развитие ЭКМО в РК
Біздің Орталық өз қызметін бастағаннан бері ЭКМО-мен айналысады. ЭКМО арқылы "сауығу көпірінен" өткен науқастардың саны жыл сайын өсуде. ҰҒКО-да аталмыш әдіс барлық жастағы, яғни жаңа туған нәрестелерден бастап егде жастағы емделушілер үшін қолжетімді болып табылады. Орталықтан, тіпті Астанадан тыс біздің әріптестеріміздің ортақ күшімен ЭКМО денсаулықты қалпына келтіруге және балалардың дүниеге келуіне арналған «көпірге» айналды!Ең күрделі санаттағы науқастарды емдеу бойынша жинақталған тәжірибе біздің Орталықтың әлемдік ELSO (Extracorporeal Life Support Organization) регистріне енуіне мүмкіндік берді.
Бұл ұйым – тіршілікті қамтамасыз етуге (Life Support) арналған соңғы технологияларды әзірлеу мен дамытуға өздерін арнаған медицина саласындағы мамандар мен ғалымдардың халықаралық консорциумы. Регистрде жинақталатын деректер негізінде ELSO клиникалық зерттеулерді қолдайды, тәжірибелік нұсқаулықтарды жариялайды.
ҰҒКО АҚ-да ЭКМО бағдарламасын сәтті дамытуда кардиохирургтардың, анесте-зиологтардың, перфузиологтардың, медбике ісінің кәсіпқойларын, пульмонологтардың, акушер-гинекологтардың, реаниматологтардың, санитарлық авиация мамандарының күшін біріктірген мультитәртіптік өзара іс-әрекет шешуші рөл атқарады. Кардиохирургия орталығының командасы АҚШ-тың, Германия мен Ұлыбританияның жыл сайын ауқымды ЭКМО көлемін орындайтын ірі мамандандырылған орталықтарында оқу курстарынан өтті. Біздің мамандар үздіксіз білім алу және тәжірибемен алмасу маңыздылығын түсіне отырып, Францияның ЭКМО қызметіндегі көшбасшысы - La Pitié Париж клиникасында оқу курсынан өтті. Аталмыш курс үш білім беру модульдерінен құрылып, бұл тіршілікті экстракорпоралдық қамтамасыз етудің барлық қырларын: қағидаларды, техникалық ерекшеліктерін, емделушілердің менеджментін, этикалық қиындықтарын және т.б. жете түсінуге мүмкіндік берді. Науқастардың жанында нақты клиникалық жағдайларды күнделікті талқылау және тәжірибелік тренингтер осы оқуды қызықты етті. Аталмыш курс бүкіл әлемдегі әріптестердің басын қосуында: Бразилия, Ұлыбритания, Малайзия, Араб Әмірлігі, Дания, Литва маңызды болды. Оқу аяқталғаннан кейін біздің мамандар халықаралық диплом алды.