Контакты команды ЭКМО
Экстракорпоралды мембраналық оксигенация – бұл сырқаттың аса ауыр кезеңінде ағзаның тіршілігін қолдауға арналған тиімді әрі кешенді әдіс. Біздің Орталықта ЭКМО-ны сәтті әрі қауіпсіз қолдануда кардиохирургтардың, анестезиологтардың, перфузиологтардың, медбике ісінің кәсіпқойларын, кардиологтардың, эфференттік терапия, қан банкісі, эхокардиграфия, рентгенология, қалпына келтіру медицина мамандарының өзара тығыз іс-әрекеті шешуші рөл атқарады.Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына тасымалдау.
Қажет болған жағдайда емделуші біздің Орталыққа жеткізілуі мүмкін. Тасымалдауды Орталықтың ЭКМО-тобы медициналық жедел жәрдем қызметінің немесе Республикалық санитарлық авиация қызметінің (егер науқас Астанадан шалғай өңірде тұрса) мамандарымен бірлесіп жүзеге асырады.
Егер емделуші ауыр халде болса, онда ЭКМО қондырғысы қауіпсіз тасымалдау үшін жергілікті стационар жағдайында қажет болуы мүмкін. Бұл үшін біздің Орталықта кәсіпқойлар командасы құрылып, Қазақстанның барлық өңірлері үшін 24/7 қағида бойынша ЭКМО қолдауын көрсету логистикасы әзірленді.
Медициналық жедел жәрдем қызметіндегі немесе Республикалық санитарлық авиация қызметіндегі әріптестердің қолдауымен ЭКМО тұрған аса ауыр халдегі емделушілерді Астана, Қызылорда және Қарағанды қалаларының ауруханаларынан сәтті тасымалдай алдық.