Title
Экстракорпоралды мембраналық оксигенация (ЭКМО) – жедел дамыған, асқынған және әлеуетті қайтымды тыныс алу және/немесе жүрек жетіспеушілігі дертіне ұшыраған, емі барынша жоғары стандартты терапияға бағынбайтын науқастарға қолданылатын ағзадан тыс (экстракорпоралды) ұзартылған жасанды қан айналым және қанды оттегімен қанықтыру (оксигенация) шарасы. Қанды қайта айдау (жасанды қан айналым) үшін кардиохирургия саласында қолданылатын "жүрек-өкпе" аппаратына ұқсас машиналар қолданылады. Мұндайда аппарат адам ағзасымен түтік жүйесін ірі артериялар мен көктамырға немесе тікелей жүрек камерасына жалғау арқылы бірігеді.
Ауыр тыныс алу жетіспеушілігі дертіне ұшыраған науқастар үшін ЭКМО қосу сызбасы суретте көрсетілген. Бұл науқастарға жүректің қан айдау функциясын қолдауды емес, тек қанды оттегімен барынша қанықтыруды қажет етеді. Сондықтан осы санаттағы науқастарға тамыр-күре тамыр ЭКМО жеткілікті, мұндайда қанды оттегімен қанықтыру ағзаның қан айналым жүйесінің күре тамыр бөлігінде жүргізіледі. Осыдан кейін оттегімен қаныққан қан жүрек арқылы денеге тарайды. Тамыр-күре тамыр ЭКМО-ның басты артықшылығы өкпені сақтау/қалпына келтіру барысында олар үшін «қорғау» режимін қамтамасыз ету болып табылады. Әдетте өкпесі зақымданған науқастар жасанды өкпе вентиляциясын (ЖӨВ) қажет етеді. ЖӨВ аппараты науқастың өкпесіне ауа құрамын оттегімен қанықтырып толтырады. Егер өкпе қатты зақымданса, онда қандағы оттегінің қалыпты деңгейін ұстау үшін жіберілетін газ қоспасының жоғары қысымы және оның құрамындағы оттегінің жоғары концентрациясы қажет. Бұл, өз кезегінде, өкпенің тіндерін одан сайын жарақаттауға алып келіп, ЖӨВ аппараты жіберетін әуе қоспасындағы оттегінің концентрациясын және қысымын арттыру қажеттілігін талап етеді. Осылайша, "сырқат" өкпенің зақымдану шегі тыйылады. ЭКМО осы шекті «бұзып», өкпеге вентиляцияның «жұмсақ» режимінде қалпына келуге, ал ағзаға негізгі ауруды жеңуге мүмкіндік береді. Бұл үрдісті сүйегі сынған қолдың «тыныштығын» қамтамасыз ететін гипс таңғышымен салыстыруға болады. Сондықтан ЭКМО емдеу әдісі емес екенін, бірақ сауығу үшін «көпір» болып табылатынын ұмытпаған жөн.
Тамыр-күре тамыр ЭКМО-ның сурет-сызбасы
Жүректің жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігі кезінде ЭКМО көктамыр-артерия қан айналым сызбасы бойынша қосылады. Мұндайда оттегіге зәру қан помпаның (сорғының) күшімен жасанды өкпе (оксигенатор) арқылы артерия арнасына толтырылады.
Күре тамыр- артерия ЭКМО-ның сурет-сызбасы