LVAD құрылғысымен жыныстық қатынасқа түсу
Жұбайыңызбен тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсу қатынастардың қалыпты және маңызды бөлігі болып табылады. Сіз отадан кейін алты-сегіз апта өткенде, сексуалды белсенділігіңізді жаңартуға мүмкіндік аласыз, алайда алдын-ала LVAD мамандарымен кеңесіп алғаныңыз дұрыс.
Қан айналым жүйесі мен құрылғыны есепке ала отырып, сексуалды өміріңізге бірқатар өзгерістер енгізуге тура келеді. Жетекші сызықты созу, тарту не қысуға мүлдем болмайды. Алайда жұптардың көбі шыдамдылық, қалыпты қатынас пен сәл ғана шығармашылық қалыпты жыныстық қатынасқа қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігіне сенімді.
Жүктілік
LVAD құрылғысын пайдаланытын әйелдерге жүкті болуға тыйым салынған: өсіп келе жатқан нәресте насосты орнынан жылжытып, іштей қан кетуге, тіпті өлімге де әкеліп те соғуы мүмкін. Сондықтан сіз сексуалды белсенді және бала туу жасында болсаңыз, сақтанғаныңыз дұрыс. Егер жүкті болып қалған болсаңыз, бірден LVAD тобының мамандарына хабар беріңіз.