LVAD құрылғысын пайдаланатын науқастардың диета сақтауы бойынша кеңестер
Натрийдің аса төмен көлемі бар, дәрумендермен байытылған тағамды пайдалану барлық адамдар үшін, әсіресе жүрек ауруы бар адамдар үшін аса маңызды болып табылады. Ас өнімдерінің пайдалы түрлерін таңдау және сәйкес салмақты сақтау арқылы сіз жүрек пен қан-тамыр жүйесіне түсетін салмақты айтарлықтай азайта аласыз және көңіл-күйіңіз де жақсара түседі.
Сіздің қабылдауыңыз міндетті дәрілеріңіздің бірқатар түрлері, оның ішінде таблеткалар түрінде берілетін Варфарин дәрісінің өзі де арнайы қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етеді. Сіздің дәрігеріңіз немесе LVAD координаторы сіздің жағдайыңызға ғана сәйкес келетін ас қабылдау кеңестерін бере алады.
Жүректің дұрыс жұмысына қажетті пайдалы ас қабылдау бойынша бірқатар кеңестердің легі төмендегідей.
Жемістер мен көкөністерді көбірек пайдаланыңыз. Жемістер мен көкөністерді кем дегенде, күніне 5 – 6 рет пайдаланыңыз. К дәруменінің жоғарғы деңгейі бар өнімдердің пайдаланылуына ерекше назар аударыңыз, өйткені аталмыш дәрумен Варфарин дәрісінің тиімділік деңгейін төмендетеді (Варфарин дәрмегін пайдалану бойынша жан-жақты ақпарат төменде берілген).
Целлюлозаны пайдалану деңгейін көбейтіңіз. Американдық кардиологтар ассоциациясының мамандары кем дегенде 25 граммды пайдалануға кеңес береді. Тұтас дәндерден жасалған нан мен ботқа түрлерін, қоңыр күріш, үрме бұршақ, сұлы кебек, сұлы жармасы, жемістер мен көкөністерді пайдаланыңыз.
Қуырылған асты пайдалану деңгейін төмендетіңіз. Майдың аса төмен көлемін пайдалануға тырысыңыз және майлылық деңгейі төмен зәйтүн немесе рапс майларын таңдаңыз. Асты даярлаудың пеште дайындау, грильде қуыру, аздап қуыру және бұқтыру секілді майсыз түрлерін қолданыңыз.
Еттің майсыз түрлерін қолданыңыз. Майдың аса аз көлемі бар ет түрлерн таңдаңыз, майды бөлек алып тастаңыз және еттің жоғарғы бетін сылып тастаңыз. Қызыл етті пайдалану деңгейінің 2-3 унциялы көлемінен ойын картасының көлеміне дейін азайтыңыз.
Балық өнімін аптасына екі рет пайдаланыңыз. Міндетті түрде өнімді пайдаланудың майсыз түрлерін қолданыңызб балықты қуыру не майға пісіру жолдарын қолданбаңыз.
Жұмыртқаның сарысын пайдалануды аптасына 3 данаға дейін қысқартыңыз. Жұмыртқаның тек қана ағын немесе қандай да бір балама өнімдерді пайдалануға тырысыңыз.
Майдың төмен көлемі бар сүт өнімдерін таңдаңыз. Майсыздандырылған және 1% сүт өнімдері майдың төмен көлемі бар өнімдер болып саналады. Егер сіздің сүт өнімдеріне қатысты төзімсіздігіңіз болса, майдың төмен көлемі бар соя сүтін не лактозадан айырылған сүт өнімдерін пайдалануға болады.
Қаныққан және транс майларды пайдаланбаңыз
Қаныққан майлар жануар өнімдерінде (сүт өнімдері және майлы ет) сол секілді өзге де өнімдерде болады (мәселен, пальма және кокос майлары).
Транс-майлар тіскебасарларда, нан өнімдерінде, қуыру майларында, кейбір қуырылған өнімдерде және қатты маргарин өнімдерінде кездеседі. Олар ЛПНП («денсаулыққа зиянды» холестерин) көлемін ұлғайтып, ЛПВП («денсаулыққа пайдалы» холестерин) көлемін төмендетеді.
Натрийді пайдалану көлемін азайтыңыз. Үлесінде 140 мг төмен натрий көлемі бар өнімдерді таңдаңыз және тағамды пайдалану кезінде 600 мг артық натрий көлемін қабылдамауға тырысыңыз. Натрий туралы жан-жақты деректі төменнен оқи аласыз.
Тағамдардағы баяндамалар сіздің қандай да бір тағам түрін қаншалықты дәрежеде пайдалануыңыз және олар қаншалықты пайдалы болатындығы жөнінде жан-жақты мәлімет бере алады.
[Үлес көлемі / Үлес саны] Пакеттегі үлес көлемі мен саны – әрдайым есепке алынуы тиіс бірінші нұсқау.
[Калориялар] Үлестердің өлшеміне, тағамды даярлаудың қауіпсіз әдістеріне және күнделікті тағамның алуан түрлерін пайдалануға назар аударыңыз.
[Май] Майдың күнделікті тағамдағы барлық көлемі үлесіне 5 г төмен болуы шарт (жалпы күнделікті үлесте 50-75 грамм). Майдың көптеген түрлері қамтылмаған өнім түрлерін пайдалануға тырысыңыз. Қаныққан майлар тағам үлесінде 3 грамм-нан төмен болуы шарт (әдепкі диета жағдайында күніне 15 граммға дейін). Транс-майлар көлемін азайтыңыз.
[Целлюлоза] Целлюлозаның жоғары көлемі бар өнімдерде 5 грамм немесе одан да жоғары көлем кездеседі. Күніне кем дегенде 25 грамм целлюлозаны пайдалануға кеңес беріледі.
[Натрий] Мақсат - 2000 мг немесе одан да аз көлемді пайдалану. Натрийдің төмен көлемі бар өнімдердің бір адамдық үлесінде 140 мг төмен натрий көлемі болады.
[Көмірсулар мен қанттар] Егер сізде триглицеридтердің жоғары көлемі байқалатын болса, көмірсулардың 30 г төмен және қанттардың 15г төмен үлесі кездесетін өнімдерді таңдау қажет болады. Егер сіз диабетпен ауыратын болсаңыз, көмірсулардың жалпы көлемін қатаң қадағалаңыз. (Үлесіне 15г көлем қалыпты саналады).
Натрий мен сұйықтықтарды пайдалану
Тұздар мен натрийлерді шектен тыс пайдалану ағзада сұйықтықтың жоғары көлемінің пайда болуына әкеліп соғады. Сіздің мақсатыңыз:
Натрийдің күніне 2000 мг төмен көлемін пайдалану
Кез келген түрдегі сұйықтықтардың 1500мл (шамамен 48 унция немесе 6 8-унциялы ыдысы) төмен көлемін пайдалану (су, шырын және т.б.).
Тағам өнімдерінің баяндамаларын мұқият оқыңыз және натрий мен сұйықтықтарды пайдалану бойынша күнделікті жазба жүргізуді әдетке айналдырыңыз. Оған қоса:
Үлесіне 140мг натрийден көп емес өнім түрлерін таңдаңыз және баяндамада көрсетілгендей мұндай тағамдардың тек бір үлесін ғана қабылдаңыз. Қажет көлемді анықтау үшін өлшеу ыдыстарын пайдаланыңыз.
Үлесінде натрийдің 300 мг көп көлемі бар өнімдерді пайдаланбаңыз.
Натрийдің жалпы көлемі 600 мг асатын тағамды мүлдем қабылдамаңыз.
Үйден тыс тағам пайдаланған жағдайда абай болыңыз. Мейрамханаларда сізге натрийдің көп көлемі бар тағам түрлері ұсынылуы мүмкін. Соустар мен дәмдегіштерді тағамға қосылмаған күйде, жеке берілуін сұраңыз (немесе жай ғана бұрыш).
Асты даярлау немесе пайдалану кезінде тағамдарға тұзды немесе тұзы бар дәмдегіштерді қоспаңыз.
Натрийдің төмен көлемі бар өнімдердің толық тұзсыз болуы міндетті емес. Тағамға хош иіс пен дәм беру үшін төмендегі дәмдегіштердің кез келгенін пайдалануыңызға болады:
Натрий көлемі жоқ шөптер, дәмдегіштер мен дәмдегіштердің қосылысы
Ащы бұрышы бар соус немесе қызыл бұрыш
Вустершир соусы(күніне 1 шай қасық)
Сірке суы
Бұрыш немесе лимон бұрышы (натрийсіз)
Салаттарға арналған май не сірке суы секілді қарапайым дәмдегіштер(мұнда да натрийдің көп көлемі кездесуі мүмкін, баяндамаларды мұқият оқыңыз)
Оның үстіне көбіне тағамдағы тұз дәмінің бағдарламалау арқылы жүзеге асатындығын есте ұстаңыз. Тұздың төмен көлемі бар өнімдер бірінші кезде ғана тұщы көрінеді, әдетте бір апта не одан сәл ұзағырақ мерзім ішінде сіздің дәм рецепторларыңыз өзгеріс үстінде болады және кейіннен өзіңіз ұнатып пайдаланған, натрийдің жоғары көлемі бар өнімдер ащы болып көрінетін болады.
Варфарин (Coumadin)
LVAD құрылғысын пайдаланатын науқастардың көбіне қанның ұйып қалу мүмкіндігін азайтып, насос жұмысына кері әсер көлемін төмендету үшін Coumadin (варфарин) дәрісін қабылдауға кеңес беріледі. Егер сіз Coumadin дәрісін қабылдайтын болсаңыз, өзіңіз пайдаланатын тағам өнімдері мен диеталық қоспалардағы К дәруменінің шектеулі көлемінің болуын қатаң бақылауда ұстаңыз, өйткені аталмыш дәрумен Coumadin дәрісінің жұмысына кері әсер етіп, оның тиімділік көлемін төмендетеді. Өз ағзаңыздағы К дәруменінің көлемін шектеулі деңгейде ұстау үшін төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
·
-
К дәрумені бар тағамдар көлемін күніне ½ кесеге дейін азайту. Мұнда пісірілген капуста, шпинат, шалқан, мангольд, және қыша секілді жасыл өнімдер жатад
-
К дәруменінің орташа көлемі бар өнімдерді пайдалануды күніне 1 кесеге дейін 3 мезгілдік уақытқа шақтап пайдалану. Мұнда шикі шпинат, щалқанның жапырағы, салат жапырақтары, брокколи, эндивий, латук және брюссель капустасы жатады (үлесі ½ кесе)
-
Полидәрумендер, шөп қосындылары және К дәруменінің қосындылары бар өнімдерден абай болыңыз. Аталмыш қоспалардың қандай да бір түрін пайдаланбас бұрын дәрігермен ақылдасыңыз.
Анемия
Жүрекке жасалған отадан кейін сіз анемияға ұшырауыңыз мүмкін – бұл жағдайда ағзаңыздың темірдің қажетті көлеміне қанықпауы салдарынан қан көрсеткіштері күрт төмендеуі байқалады. Анемия кезінде науқас өзін шаршаңқы және мүлдем қуатсыз сезінеді.
Ер және әйел адамдар қалыпты жағдайда (екіқабат емес, бала емізбейтін және етеккір циклынан тыс) күніне 10 мг дейін темір көлемін қабылдауы тиіс. Темірдің көп көлемі келесі тағам түрлерінде кездеседі:
·
-
Байытылған және кеңейтілген дән дақылдары. Дақылдардан жасалған таңғы ас түрлерінің бірқатары ересектердің күнделікті темір қажеттілігін толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (жалпы 100% мюсли және жүзім жаңғақтарын қоса есептегенде).
-
Ет, балық және құс өнімдері
-
Бұршақ және соя бұршағы
-
Шпинат және жапырақты капуста
-
Кептірілген қара өрік, сары өрік және мейіз
Темірдің ағзаға оңай енуіне септігін тигізетін апельсин, грейпфрут, тәтті бұрыш, құлпынай секілді С дәруменінің жоғары көлемі бар өнімдерді міндетті түрде пайдаланыңыз.