• Орталық туралы
    • Жүрек орталығы туралы
    • Миссиясы, пайымы, мақсаты
    • Корпоративтік басқару
    • Корпоративтік құжаттар
    • Қызмет қорытындысы
    • Орталықтың құрылымы
    • Біздің серіктестер
    • Сатып алу бөлімі
  • Пациенттер мен келушілерге
    • Орталық қызметтері
    • Ауруханаға жатқызу
    • Прейскурант
    • Халықаралық деңгейдегі клиника
    • Дәрiгерді табу
    • А-Я энциклопедиясы
    • Қызмет көрсету сапасын бақылау
    • Реквизиттер
    • Жиі қойылатын сұрақтар
    • Сақтандыру компаниялары
    • Келушілерге
    • Байланыстар
    • Пікірлер
    • COVID-19 және ВАКЦИНАЦИЯ жайлы
    • LVAD
  • Орталық құрылымы
    • Медициналық блок
  • Ғылым
    • Клиникалық зерттеулер
    • Ғылыми жобалар
    • Этика комитеті
    • Ғылыми кеңес
    • Жарияланымдар
    • Негізгі іс-шаралар
  • Бiлiм
    • Қосымша білім беру
    • Резидентура
    • Ақпаратты-ресурстық орталығы
  • Сатып алу
  • Баспасөз орталығы
    • Жаңалықтар
    • Баспасөз конференциялары
    • БАҚ біз туралы
    • Басылымдар
    • Пресс-релиздер
    • Heart Magazine Kazakhstan
    • Бейнегалерея
    • Фотогалерея
  • kz
  • ru
  • en
kz ru en
  • Орталық туралы
    • Назад
    • Орталық туралы
    • Жүрек орталығы туралы
    • Миссиясы, пайымы, мақсаты
    • Корпоративтік басқару
      • Назад
      • Корпоративтік басқару
      • Директорлар кеңесі
      • Директорлар кеңесінің отырысы
      • Басқарма
      • Ішкі аудит қызметі
      • Корпоративтік хатшы
    • Корпоративтік құжаттар
      • Назад
      • Корпоративтік құжаттар
      • ҚР Стратегиялары және Бағдарламалары
    • Қызмет қорытындысы
    • Орталықтың құрылымы
    • Біздің серіктестер
    • Сатып алу бөлімі
  • Пациенттер мен келушілерге
    • Назад
    • Пациенттер мен келушілерге
    • Орталық қызметтері
      • Назад
      • Орталық қызметтері
      • Амбулаториялық қызметтер
      • Стационарлық қызметтер
    • Ауруханаға жатқызу
      • Назад
      • Ауруханаға жатқызу
      • Қазақстан азаматтарына
      • Шетелдік пациенттерге
      • Нұр-Сұлтан қаласының қонақүйлері
    • Прейскурант
      • Назад
      • Прейскурант
      • Қазақстан азаматтарына
      • Шетелдік пациенттерге
    • Халықаралық деңгейдегі клиника
      • Назад
      • Халықаралық деңгейдегі клиника
      • Біріккен халықаралық комиссия
      • Озық технологиялар
    • Дәрiгерді табу
    • А-Я энциклопедиясы
      • Назад
      • А-Я энциклопедиясы
      • Глоссарий
      • Анықтама
      • Пайдалы сілтемелер
      • ЭКМО
      • Донорлық және трансплантация
    • Қызмет көрсету сапасын бақылау
    • Реквизиттер
    • Жиі қойылатын сұрақтар
    • Сақтандыру компаниялары
    • Келушілерге
      • Назад
      • Келушілерге
      • Келу сағаттары
      • Келушілер үшін жайлылық
    • Байланыстар
    • Пікірлер
    • COVID-19 және ВАКЦИНАЦИЯ жайлы
      • Назад
      • COVID-19 және ВАКЦИНАЦИЯ жайлы
      • Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы жиі қойылатын сұрақтар
      • Иммундау – инфекциялардан қорғанудың ең жақсы тәсілі
      • Вакцинациялаудың маңыздылығы туралы
      • Вакцинациялаудың тиімділігі туралы
      • Вакцинация - бұл елдің эпидемиологиялық салауаттылығының негізі
    • LVAD
      • Назад
      • LVAD
      • LVAD деген не?
      • LVAD-пен өмір сүру
      • LVAD технологиясы
      • LVAD қызметі
  • Орталық құрылымы
    • Назад
    • Орталық құрылымы
    • Медициналық блок
      • Назад
      • Медициналық блок
      • Кардиохирургия бөлімі
      • Кардиология бөлімі
      • Интервенциялы кардиология және радиология бөлімі
      • Трансфузиология бөлімшесі
      • Клиникалық диагностикалық зертхана
      • Мейірбике қызметі
      • Клиникалық-фармакологиялық бөлімше
      • Экстракорпоралдық гемокоррекция зертханасы
      • Эпидемиологиялық бақылау қызметі
      • Медициналық жоспарлау және статистика департаменті
      • Трансплантацияны үйлестіру бөлімі
      • Госпитальдық сервис және пациенттермен жұмыс бөлімі
      • Орталық залалсыздандыру бөлімшесі
  • Ғылым
    • Назад
    • Ғылым
    • Клиникалық зерттеулер
      • Назад
      • Клиникалық зерттеулер
      • HeartMateTM3 СЕ Mark: Follow-Up
      • EMEA CTEPH Registry
      • Global Symplicity Registry
      • «Инсар»
      • Сarmat Total artificial heart
      • Ultimaster stent
      • Cryo AF жүрекшелерінің фибрилляциясы кезінде криоабляцияның жаһандық регистрлік зерттеуі
      • Транскатетерлік имплантация үшін HYDRA өзі кеңейтілетін қолқа қақпақшасының клиникалық бағасы
      • REMIND III
      • Elevate HM III
      • Registry Home Monitoring
      • Нeart Мate III
      • ROCsafe oxygenator CAPIOX FX
      • Apogee International тізілімі
      • ARIES HM III
    • Ғылыми жобалар
      • Назад
      • Ғылыми жобалар
      • ҚР БҒМ жобалары
      • ҚР ДСМ жобалары
    • Этика комитеті
    • Ғылыми кеңес
      • Назад
      • Ғылыми кеңес
      • Кеңес құрамы
      • Ғылыми Кеңес отырысының кестесі
      • Ғылыми атағын ізденуші туралы ақпарат
    • Жарияланымдар
    • Негізгі іс-шаралар
  • Бiлiм
    • Назад
    • Бiлiм
    • Қосымша білім беру
      • Назад
      • Қосымша білім беру
      • Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
      • Тыңдаушыларға қажетті құжаттар
      • Білім беру қызметтерінің прейскуранты
      • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
      • Оқуға онлайн өтінім
      • Байланыс телефондары
    • Резидентура
      • Назад
      • Резидентура
      • Резидентура туралы ереже
      • Нормативтік-құқықтық актілер
      • Резидентураға кабылдау ережелері
      • Резидентура үміткеріне
      • Қабылдау емтихандарына арналған сұрақтар тізімі
      • Академиялық саясат
      • Резидентура тындаушыларына
      • Акредиттеу бойынша түзету іс-шаралар жоспары
      • Жұмыспен қамту
    • Ақпаратты-ресурстық орталығы
      • Назад
      • Ақпаратты-ресурстық орталығы
      • Ресурстар
      • Қашықтықтан оқыту
      • Кітапхана жаңалықтары
  • Сатып алу
  • Баспасөз орталығы
    • Назад
    • Баспасөз орталығы
    • Жаңалықтар
    • Баспасөз конференциялары
    • БАҚ біз туралы
    • Басылымдар
    • Пресс-релиздер
    • Heart Magazine Kazakhstan
    • Бейнегалерея
    • Фотогалерея
Будьте на связи
Call-center
+77750073380
Астана қаласы, Тұран даңғылы 38
cardiacsurgery.kaz@gmail.com

Резидентура туралы ереже

Резидентура туралы ереже

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы»30 қаңтардағы
№ N 28 бұйрығымен бекітілген

Резидентура туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан, білім беру қызметінің осы түріне лицензиясы және клиникалық базалары бар Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында (бұдан әрі - Білім және ғылым ұйымдары) резидентурада медицина кадрларын даярлау тәртібін айқындайды.

2. Резидентурадағы мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

3. Резидентурадағы мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

4. Резидентурадағы кадрларды даярлау Мемлекеттік білім стандарттарына (Резидентура. Негізгі ережелер) және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
резидентураның тыңдаушысы (тағылымданушы резидент) - резидентураның оқу бағдарламаларын меңгеретін маман;
жетекші - қажетті теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру үшін тағылымданушы резидентке бекітілген адам, ол резидентурада даярлауды жүзеге асыратын кафедралардың (бөлімдердің) профессор-оқытушылар құрамы ішінен тағайындалады.

6. Резидентурада даярлауға мемлекеттік білім тапсырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

7. Резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырысы жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асыратын Білім және ғылым ұйымдарында орналастырылады.

8. Резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандарды белгіленген мемлекеттік білім тапсырысынан асыра даярлау оқуға арналған шығындарды толық өтей отырып және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады.

9. Білім және ғылым ұйымдары жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім мамандықтарының және білім алушылардың санына сүйене отырып, тағылымданушы резиденттердің ғылыми қызметі және оқу процесі барысын ұйымдастырумен және бақылаумен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің штаттық құрамын өзі белгілейді.

10. Бір жетекшіге бекітілген тағылымданушы резиденттердің жалпы саны 3-тен аспауы тиіс.

11. Денсаулық сақтау ұйымы өз қаражаты есебінен қызметкерін резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуы үшін оқытуға немесе оқуға жіберуі мүмкін.
Ұйымның қаражаты есебінен білім алған қызметкер осы ұйымда жеке еңбек шартында тараптармен келісілген мерзім бойы жұмыс істейді.
Қызметкердің кінәсі салдарынан қызметкердің бастамасымен немесе ұйымның бастамасымен жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда, қызметкер оның білім алуына байланысты шығындарды жұмыс істелмеген мерзімімен пропорционалды көлемді ұйымға төлейді.

12. Осы Ережемен регламенттелмеген мәселелер ұйымның Ғылыми кеңесімен шешіледі.

2. Резидентурадағы даярлау

13. Резидентураның оқу бағдарламаларын меңгеруді қалаған адамдардың бұдан бұрыңғы білім деңгейі - базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.

14. Резидентурада оқыту күндізгі нысан бойынша жүзеге асырылады, оқу екіден төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды.

Резидентурада оқу мерзімі дәрігерлік-консультациялық комиссияның тиісті қорытындысы (Дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық парағы) негізінде:

1) 4 айға дейін - ұйым басшысының бұйрығымен;

2) 4 айдан аса 1 жылға дейін - ұйымның Ғылыми кеңесінің шешімімен ұзартылуы тиіс.
Резидентурадағы оқу мерзімі дәрігердің еңбек өтіліне және мамандығы бойынша өтіліне есептелінеді.

15. Резидентурадағы оқу клиникалық базаларда жүзеге асырылады.

16. Оқу жүктемесі мен емдеу-алдын алу жұмысының мамандықтар бойынша көлемі жеке жоспармен белгіленеді.

17. Тағылымданушы резиденттер жеке жоспардың орындалуы туралы кафедра, бөлім (сектор, зертхана) отырыстарында кезеңдік есеп береді және жыл сайын жетекші мен кафедра меңгерушісі құрамына енгізілген комиссиямен аттестатталады.

18. Оқу жұмыс жоспарлары мен даярлау бағдарламаларын Білім және ғылым ұйымдары әзірлейді және бекітіледі, жеке оқу жоспарлары кафедралардың отырыстарында бекітіледі.

19. Ұйымның ғылыми кеңесі тікелей басшылық жасау үшін жетекшіні бекітеді. Жетекшілердің оқу жүктемесі бір тағылымданушы резидентке аптасына 3 сағат есебінен белгіленеді.

20. Тағылымданушы резиденттер оқу кезінде:

1) жеке жұмыс жоспарын орындайды;

2) бағдарламада көзделген тиісті пәндер бойынша ағымдағы емтихандарды тапсырады;

3) жүргізілген жұмыс туралы нақтыланған есеп береді.

21. Тағылымданушы резиденттер бір ұйымнан екінші ұйымға ұйымдар басшыларының келісімімен, резидентті жіберген тараптың өтінімі немесе келісімі бойынша бос орын болған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.

22. Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алатын тағылымданушы резиденттер белгіленген тәртіппен стипендиямен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте стипендия оқуға қабылданған күнінен бастап, бірақ бұрыңғы жұмыс орнынан босатылған күнінен ерте болмай төленеді.

23. Тағылымданушы резиденттерге жыл сайын академиялық жылдар арасында ұзақтығы кем дегенде 8 апта, қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан кейін кем дегенде 4 апта, стипендиясы сақтала отырып, демалыс беріледі.

24. Оқу бағдарламасы сапасын мемлекеттік бақылау қорытынды мемлекеттік аттестаттау түрінде жүзеге асырылады.

25. Резидентурада оқуды аяқтаған тағылымданушы резиденттерге мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

3. Қорытынды ережелер

26. Тағылымданушы резиденттер:
1) өз еркі бойынша;
2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытынды анықтамасы негізінде денсаулығының жағдайына байланысты;
3) басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты;
4) жеке жоспарын орындамағаны үшін;
5) ұйымның ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін;
6) ақылы білім алуда шарт жағдайларын орындамағаны үшін;
7) дәрігердің антын бұзғаны үшін оқудан шығарылады.

27. Егер резидентурада даярлау Жеке оқу жоспарының орындалуымен аяқталмаса, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты Білім және ғылым ұйымдарына орналастырмау құқығы болады.

 

Резидентура туралы ереже.

  • Call-center
    +77750073380
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube

Подписка
на рассылку
МАМАНДАРҒА
Білім
РЕЗИДЕНТУРА
Программа
Қабылдану үшін қажетті құжаттар
ШЕТЕЛДІК ПАЦИЕНТТЕРГЕ
Прейскурант
Халықаралық бөлім
АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗУ
ТМККК-ға жатқызу
Ақылы негізде ауруханаға жатқызу
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ
Жаңалықтар
Баспасөз конференциялары
БАҚ біз туралы
Баспасөз -релиздері
Heart Magazine Kazakhstan
Бейнегалерея
Фотогалерея
Национальный Научный Кардиохирургический центрМедцентр, клиника в Нур‑Султане
Біз әлеуметтік желілердепіз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube

«ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫ» ҚОРЫ

Сіздерді «Жүрек орталығы» қорының ресми парақшасында қарсы алуға қуаныштымын. Біздің Қор Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының бастамасымен құрылды және Қазақстандағы кардиохирургияның дамуына жәрдемдесуге өз күш-жігерін шоғырландыруға арналған Қазақстандағы алғашқы қор болып табылады.

© 2023 «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ
Басып шығару
Сайта картасы