Ғылыми тәсілдер мен дәлелді тәжірибеге негізделген, мейірбике ісінің қазіргі заманғы теориясы, мейірбике ісінің маманын мейірбикелік шешімді дербес қабылдайтын, ғылыми дәлелденген практикаға негізделген мейірбикелік күтімді жоспарлайтын және жүзеге асыратын, оны қабылданған құжаттамада көрсететін дәрігер мен көпбейінді команданың тең құқықты серіктесі ретінде көзге елестеді.
«Мейірбикелік персонал – дәрігерлер» нақты кадрлық арақатынас өзара байланысты мынадай үрдістермен сүйемелденеді:
- дәрігерлік біліктілікті талап етпейтін, бірақ жақсы дайындалған білікті мейірибикелік персоналмен жүзеге асыруға жататын, медициналық қызмет үлесінде медициналық қызметті ұлғайту;
- емдеу процесінде мейірбике персоналы ролінің маңыздылығын мойындау;
- көп қырлы функцияны орындайтын мейірбике персоналының жауапкершілігін арттыру.
Біздің орталықта мейірбике көмегінің сапасы, пациенттер қауіпсіздігіне, қателіктерді болдырмауға, тәуекелдерді басқаруға, паценттерді күтудің жаңа ұйымдастырушылық түрін және жаңа технологияларды енгізуге негізделген практикалық қызмет стандартын сақтаумен айқындалады.
Біздің ұйымда және бүкіл әлемде пациенттерді күтуді жүзеге асыруға мейірбике ісі мамандарын даярлау негізінде, ғылыми дәлелденген хаттамаларға және әдістерге негізделген жүйелі ғылыми тәсілдер қалануда.
Астана қ. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығындағы осы Мейірбике ісін дамыту тұжырымдамасы, қазіргі заманғы денсаулық сақтау сұранысына сәйкес сапаны, тиімділікті және қауіпсіздікті арттыру үшін мейірбике ісі жэүйесін халықаралақ стандартқа сәкестікке келтіру мақсатында әзірленді.
1. Оңтайлы, қауіпсіз және сапалы күтімді қамтамасыз ету мақсатында көпбейінді және мультидисциплинарлы бригаданы үйлестіруді және басқаруды жүзеге асыру.
2. Кәсіби қызмет көрсету сапа стандартын енгізу мен дамыту және оларға адал болып қалу.
3. Мейірбикелік персонал мен пациенттер арасында ұжымдық ынтымақтастықты және өзара сыйластықты қамтамасыз ету.
4. Пацентті өз жақындарынан, оны қоршаған ортадан және әдет-ғұрып пен мәдени тамырдан ажыратуға болмайтынын түсініп, осы ойды нығайту.
5. Мейірбикелік персоналдың құқығы мен мүмкіндіктерін дамыту және кеңейту.
6. Мейірбикелік істің іс жүзіндегі тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру.
7. Халықаралық талаптарға және стандарттарға сәйкес білімін көтеру.
Мейірбике персоналы мен тәлімдемелік орнын таңдаған студенттер үшін еңбекке орналасу құрметке лайық орын екендігі.2. Халықтың ұсынылатын медициналық қызметтерге қанағаттануын арттыру;
3. Өзінің құзыреті аясында дербес шешімқабылдауға қабілетін дамыту және нығайту;
4. Білім деңгейін, іскерлігін және дағдыларын жақсарту және ұлғайту;
5. Мейірбике персоналының кәсіби жауапкершілігін және біліктілігін арттыру;
6. Мейірбике персоналының практикалық қызметін стандарттау;
№ |
Іс-шаралар |
1 |
Әлемдік стандарт деңгейінде пациенттердің клиникалық күрделілігіне сәйкес мейірбике ісі мамандары арасалмағына қол жеткізу. |
2 |
Мейірбике ісі мамандарының құзыретін мына салаларда көтеру: - дәрігердің жаңа өкілеттігін беру қосылатын, сырқаттарға жалпы күтім жасау; - қызмет көрсету сапасын жақсарту; - тәуекелдерді басқару; - пациенттер мен персоналдың қауіпсіздігі; - үздксіз білім алу; - ғылыми қызметке қатысу; |
3 |
Тәлімгерлік жүйесін мына салада дамыту және кеңейту: - пациентті, оның отбасын және жақындарын оқыту және нұсқаулық беру; - персоналды, атап айтқанда клиникалық кардиохирургия, кардиохирургия, реаниматология, анестезиология және ересек жаста және және педиатрияда операциялық араласу тақырыптары бойынша оқыту және біліктілігін көтеру; - өзге де аймақтар мен облыстардағы әріптестермен бірге білім алу, тәрбиелік және шеберлік сағаттарын өткізу; - бүкіл халық үшін арналған жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және уақытында емдеуді түсіндіру мен ақпараттандыру үшін бағдарламаларды дамыту; |
4 |
Мейірбикелік процестің сапасын бағалау үшін индикаторларды және тетіктерді дамыту. |
5 |
Мейірбике персоналы, көпбейінді команда, пациенттер және олардың жақындары арасында өнімділік байланыс дағдысын игеру. |
6 |
Мейірбике ісі саласында ғылыми-зерттеу қызметінің дағдысын игеру. |
1. Халықтың мейірбике ісі сапасына қанағаттануын арттыру;
2. Мейірбике ісі мамандарының кәсіби беделін арттыру.
3. Мейірбике мамандарының кәсіби жауапкершілігі деңгейін көтеру.
4. Кәсіби жанып кетуді бодырмаудың әдісі ретінде, мейірбике персоналының қанағаттануын арттыру.
Описание раздела
Описание раздела
Описание раздела
Описание раздела
Описание раздела
Описание раздела
Описание раздела
Описание раздела