LVAD құрылғысымен бірге жаттығулар жасау және физикалық белсенді қалыпта болу
Гольф ойнау, бақта жұмыс жасау, серуен құру – бұл LVAD құрылғысын пайдаланатын мамандардың қолынан келетін әрекеттердің тек бірқатары ғана екендігі сөзсіз. Шын мәнінде отадан оралған әр науқастың қалыпты жағдайға көшіп, денсаулығын толық реттеуі үшін күнделікті физикалық белсенділік жағдайы аса маңызды болып табылады. Науқастардың кейбірі тіпті LVAD құрылғысын пайдалану барысында бұрынғыға қарағанда әлдеқайда белсендірек қалыпқа көшкендігін де аңғара алады.
Алайда аталмыш жаттығуларды орындау кезінде жетекші сызық пен бақылау жабдығының қауіпсіз жағдайда қалуын бақылап отыру қажет. Сол секілді шектен тыс күш жұмсап, шаршамауды да ойлау қажет. Өз LVAD мамандарыңыздың кеңестеріне мұқият құлақ асыңыз және қандай да бір ауру не басыңыздың айналғанын байқасаңыз, не демалысыңыз қиындаса, бірден өз әрекетіңізді тоқтатыңыз.
Қайта қалпына келу кезінде
Отадан кейін медбикелер мен физиотерапевт мамандар бірден сіздің өз күщіңізді жинап, шыдамды және өз бетіңізбен айығуыңыз үшін барлық әрекеттерді жасауға тырысады. Олар сізге ауруханада және үйде орындалуы мүмкін жаттығуларды көрсетеді. Сол секілді дәрігерлер сіздің денсаулығыңызды нығайтып, қалпыңызға келуіңізге пайдалы және керісінше теріс әсер ететін жаттығулардың легін де көрсететін болады.
Отадан кейінгі алғашқы алты апта кезінде кеуде бөлігіңіздің (сол секілді көкірек деп те аталады), толық жазылуы үшін барлық әрекеттерді орындау қажет.
Мүмкін және мүмкін емес әрекеттер
Егер қандай да бір әрекеттің қауіпсіздігіне күдігіңіз болса, өз LVAD мамандарыңызға жүгініңіз. Әр науқастың күйі әр басқа, сондықтан мамандар әр жағдайға қатысты өзіндік кеңестер береді.
LVAD құрылғысын пайдаланатын барлық науқастарға рұқсат етілмейді:
Спорттың байланысқа түсетін түрлері — футбол, баскетбол, жекпе-жек ойындары, хоккей немесе спорттың өзге ойыншылармен әрекетке түсетін кез-келген түрі.
Жарақат алу\құлаудың жоғарғы мүмкіндігі бар әрекет түрлері — тау шаңғысы, атпен серуендеу, ролик тебу және т.б.
Спорттың судағы түрлері — жүзу, дайвинг, су астында жүзу және т.б. Құрылғының жабдықтарын суға батыруға болмайды.