LVAD құрылғысымен ұйықтау және суға түсу
Ота жүргізілгеннен кейін LVAD тобының мүшелері сіздің қалыпты ұйықтау мен тазалық сақтау процедураларына қайта оралуыңыз үшін ағзаңыздағы барлық өзгерістерді басқара алуыңызға көмектесетін болады. Сол секілді форумдарда өзге дәрігерлер мен науқастардың ақыл-кеңестерін тыңдау да артық етпейді.
LVAD құрылғысымен ұйықтау
LVAD құрылғысын пайдаланған көптеген науқастар (сол қарыншаның қосымша қан айналымын реттейтін құрылғы) аталмыш құрылғының олардың қалыпты ұйқысын реттеуге зор септігі барлығын бірден аңғарады, өйткені науқастардың дем алысы реттеліп, ұйқысы жақсарады. Негізінен LVAD құрылғысы науқастың әдепкі ұйқысына келесі екі түрлі өзгеріс әкеледі:
1. Ішіңізді төмен басып ұйықтай алмайсыз. Ішіңізді төмен басып ұйықтау кезінде жетекші сызықтың (driveline) қысылуы не керісінше созылуы орын алуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда арқаңызды төмен беріп ұйықтаған әбден тиімді, алайда LVAD құрылғысын пайдаланатын көптеген науқастар бір қырымен жатып та ұйықтауды әдетке айналдырған. Сол секілді жетекші сызықытың киімдеріңіздің не төсегіңіздің арасында оралып қалмауын қадағалау маңызды. Алғашқы кездері LVAD құрылғысымен ұйықтау ыңғайсыз болуы мүмкін, алайда науқастардың біразы аталмыш құрылғыға бірнеше күннен кейін бой үйретіп алады.
2. Ұйқы кезінде құрылғыны міндетті түрде қуаттау көзіне қосу қажет. Аталмыш әрекетті ұйықтар алдында орындау аса маңызды, өйткені сіз ұйықтап жатып, құрылғының қуаты бітіп бара жатқаны жөнінде дабылды естімей қалуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан құрылғыны айнымалы токтың көзіне қосып қойыңыз (қабырғадағы ток көзі). Бұл сіздің кереуетіңізді ток көзіне қарай жақындатып, не кереуеттің өзіңіз бұрын ұйықтамаған тұсына жатуыңыз қажеттігін аңғартуы мүмкін.
Ұйықтар алдында барлық электрлі қосу көздерінің қауіпсіз күйде екендігінде көз жеткізіңіз. Құрылғының кереуеттен құлап кетіп, жетекші сызықты бүлдірмеуі үшін өз жаныңызда берік орналасқанына да көз жеткізуіңіз сұралады.
Сол секілді ток көзі сөндірілген жағдайда бірден әрекет ету үшін қасыңызда қосымша бақылаушы құрал, қуатталған батареялар мен жарық бергіштің барлығына көз жеткізіңіз. Суға түсу және тазалық сақтау
Алғашқы кезде құрылғымен бірге суға түсу бірқатар ыңғайсыздықтар туындатуы мүмкін, алайда науқастар мен дәрігерлердің көбі бұл сезімнің көп ұзамай жойылатындығы туралы айтады. Негізгі қиындықтардың бірі құрылғының сыртқы жабдықтарына су тигізбеу қажеттілігімен байланысты, сондықтан сіз ванна қабылдай алмайсыз. Суға түсу кезінде абай болған жөн.
Жуынуға қатысты төмендегі ақыл-кеңестерге назар аударуыңыз қажет:
-
Жетекші сызықтың денеден шығатын тұсына су тимеуін қадағалаңыз және сол жетекші сызықтың денеден шығатын тұсындағы дәкені алмастырған сәтте ғана жуыныңыз.
-
Бақылаушы жабдық пен батареяларды жетекші сызықты тартпайтындай бірақ судан қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. Құралдарды сүлгіге мұқият орналастыру олардың ваннадан не раковинадан сусып, құламауын қамтамасыз ететін болады.
-
Ваннада не суға түсу кабинасында арнайы кресло не орындыққа отырыңыз немесе жылы су құйылған бассейнді, жұмсақ мата, сорғышты пайдаланыңыз. Әйтпесе ваннадағы кілемше не еденді суламас үшін раковина алдында тұрып, дымқыл сүлгімен сүртініңіз. Шашыңызды жуу үшін ваннадағы су бүркігішті пайдаланыңыз.
-
Суға түсіп болғаннан кейiн, абайсыз тайғанап кетпес үшін аяғыңыздың асты құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
-
Жетекші сызықтың денеден шығар тұсына ұнтақтарды себуге болмайды.
Құрылғының түріне және біздің орталықтың арнайы кеңестеріне қарай жетекші сызықтың денеден шығар тұсындағы жарақат жазылғаннан кейін және LVAD мамандарының арнайы рұқсатымен ғана сізге суға түсуге кеңес берілетін болады. Сіздің LVAD құрылғыңызда жетекші сызық пен құрылғының жабдықтарын судан қорғайтындай арнайы сөмке болады. LVAD мамандары сізге сөмкені дұрыс пайдалану және суға түсу кезінде жетекші сызық аймағын барынша қауіпсіз ұстау бойынша кеңестер беретін болады. Бұл жағдайда суға түсуді жетекші сызықтың денеден шығар тұсындағы дәкені алмастыру кезінде жоспарланғаны дұрысырақ.