Жүректі ауыстырып қондыру – бұл зақымданған жүректі алып тастау немесе ауырған жүректі донордың дені сау жүрегіне ауыстыру бойынша хирургиялық ота.

Жүректі ауыстырып қондыру бойынша көптеген оталар жүректегі ақауы бар терминалды кезеңдегі ем алушыларға қоланылады. Донорлық жүректі іздеу – бұл ең қиын процесс. Бөтен мүшіне қабылдамау мүмкіндігін азайту үшін, донорлық жүрек сіздің тініңіздің типіне сәйкес келуі керек.

Жүректі ауыстырып қондыру сіздің жаныңызды аман алып қалудың бірден бір тәсілі. Емделушілердің 88% отадан кейінгі бір жыл мерзімінде тіршілікке қабілеттілігі артады және 75% 5 жыл ішінде. 10 жылдық өміршеңдік 56% құрайды.

Жүректі ауыстырып қондыру не үшін қажет?

Жүректі ауыстырып қондыру бірнеше себептерге байланысты. Ең кең таралған себеп миокарды қарыншалардың функциясының толық жарамдылығының жоқтығы және жүрек ақауының ауыр түрде болуы. Қарыншалардың ақауы туа біткен жүрек кеселінен дамиды, бірақ туа біткен бір қарыншаның кемістігінен немесе қақпақтың жүйелі бүзылуынан жиі кездеседі. Жүректі ауыстырып қондыру аман алып қалудің көзі болғанымен де, бірақ көптеген қауіпі бар.

Жүректі ауыстырып қондырғаннан кейін қандай қауіптер бар?

1. Донорлық жүректің жұмыс істеуі бұзылуы.

Жүректі ауыстырып қондырғаннан кейінгі өлімге апаратын көп кездесетін себеп – бұл донорлық жүректің жұмысының бұзылуы, трансплантанттың алғашқы дисфункциясына әкеліп соқтырады. Донордың жүрегінің зақымдануы немесе ем алушының өкпесіндегі жіңішке қан тамырлары сияқты факторлар алғашқы дисфункцияға пйда болынуына септігін тигізеді.

Донорлық жүректің бөтен ағзалармен үйлеспеуі.

Бөтен ағзалармен үйлеспеудің кесірінен ем алушы жүрегін ауыстырып қондырғаннан кейін бір жыл мерзімінде өлімге әкеліп соқтырады.
Реципиенттің иммундық жүйесі жаңа жүректі бөтен зат ретінде қабылдап оған шабуыл жасайды. Бөтен ағзалармен үйлеспеушілік трансплантациядан кейінгі 6+ ай мерзімінде болады.

Аллотрансплантаттың жүректік васкулопатиясы
Бұл жағдай каронарлық артерияның қабырғасының иілгіштігінің бұзылуымен байланысты. Жаңа жүректе олар тығыз әрі қатты болады. Бұл жағдай қан айналымына кедергі жасап және күрделі зақымдарға әкеліп соқтырады. Аллотрансплантаттың жүректік васкулопатиясы – бұл жүрек ақауының пайда болуының бір себебі және жүректің ауыстырып қондырғаннан кейін өлімге әкелуі. Жүрек талмасының жиі болып, қауіпті аритмия және аяқ астынан жүректің тоқтауына әкеліп соқтырады.

2. Дәрі дәрмектен асқынуы

Дәріні қабылдау жаңа жүрекке иммунитет клеткаларының шабуылынан, иммундық жүйені жауып тастайды, бұл қарсы көрсеткіштерге әкеліп соқтырады. Олар бүйректің жұмысын бұзылуына апарады. Бүйректің заымдануы ем алушылардың 25% кездеседі.

3. Инфекция

Жүректі ауыстырып қондырғаннан кейінгі емделушіде инфекция болуы емханаға жатқызудың негізгі себебі. Ол жүректі ауыстырып қондырғаннан кейінгі бір жылдың ішінде өлімге әкеліп соқытаратын бірден бір себеп. Иммунодепрессантарды қабылдаудың кесірінен емделушілер көбіне инфекциялық процесстерге шалдығады.

4. Қатерлі ісік

Иммундық жүйенің төмендеуі қатерлі ісіктің және қатерлі өскіндердің даму қауіпін жоғарылатады. Қатерлі ісік процесстері трансплантациядан кейінгі өлімге әкеліп соқтыратын бірден бір себеп.

Мүшенің трансплантациясынан кейінгі иммуносупрессиямен өмірі

Сіздің ағзаңыздың қорғаныс күштері әрдайым патогендік микроорганизмдерді және басқа ағзаларды іздеуде. Өкінішке орай бұл дегеніңіз, денеңіз онша қонақжай емес екендігін білдіреді. Сіздің өміріңізді сақтап қалған, ауыстырып қондырған мүшені емдеуге тырысады, дәл басқа патогендік агент секілді. Ол шабуылдайды. Бөтен мүшелермен үйлеспеу – бұл Сіздің ағзаңыздың Сізді қорғаудағы қате әрекеті. Сондықтан да иммуносупрессия қолданылады. Иммуносупрессиялық препараттар табиғи қорғаныс күштерінің іс-әрекетін тежейді. Әдетте олар Сіздің ағзаңыздың жаңа мүшемен толық үйлесімділікте өмір сүруіне мүмкіндік береді. Бірақта осы қорғанысты тежеу кезінде, Сіз инфекцияға қарсы тұруға осалдық танытасыз. Трансплантация жасату үшін осындай құрбандыққа баруға тура келеді. «Трансплантатпен өмір – бөтен мүшелермен ұйлеспеу және инфекцияның арасындағы тепе теңдік». Бөтен мүшемен үйлеспеушілікті болдырмау үшін Сіз дәрі-дәрмектерді толыққанды қабылдауыңыз керек. Бірақ Сіз осындай көп мөлшердегі дәріне қабылдай алмайсыз, себебі ол инфекцияны жұқтырудың қауіпін жоғарылатады. Қазіргі таңда дәрігерлер осы тепе теңдікті сақтауда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Жоқ, Сіз дені сау өмір сүруіңіз үшін залалсыздандырылған көпіршікте тұруға міндетті емессіз. Трансплантациядан кейін алғашқы аптада да немесе айларда да Сізге бұл шектеулермен өмір сүру айтарлықтай қиындық соқтырмайды. «Жалпы, егерде сіз саналы жіне слауатты өмір салтын ұстансаңыз бәрі жақсы болады. Трансплантациядан кейін қандай сақтану шараларын қолдануым қажет? Мүшені ауыстырп қондырғаннан кейін Сіздің осал жерлеріңіз көп болады. Сіз иммуносупрессиялық индукцияның кезеңде боласыз. Сіз иммуносупрессивтік дәрі-дәрмектерді көп мөлшерде қабылдайтын боласыз, сол себепті өз – өзіңізді күтуіңіз қажет»

Сіз міндеттісіз:

1. Қолыңызды жиі жууға. Микроорганизмдердің әсерін азайтуда қол жуу керемет әдіс болып табылады. Әсіресе тамақтану алдында қол жуу керек.

2. Науқастармен қарым қатынастардан аулақ болу. Бәрінен де ЖРВИ мен ауратын науқастармен және де басқа да инфекциялық аурулары бар адамдармен байланысты үзу керек, әсіресе құызылша мен шешек аурулары бар адамдармен.

3. Жақында ғана екпе алған адамдардан аулақ жүру. Кейбір екпелер, тұмауға қарсы жаңадан шыққан мұрынды екпе немесе қызылшаға қарсы екпе, олардың құрамында тірі вирус бар. Бұл жағдай иммундық жүйесі төмен адамдарға қауіпті болуы мүмкін.

4. Адамдар көп шоғырланатын орындрдан аулақ жүру. Мысалы, үлкен сауда орталықтары мен кинотеатрлардан аулақ болу.

5. Үй жануарларын күтуде ат салыспайсыз. Үй жануарлары патогенді микроорганизмдерді тасымалдаушы болып табылғандықтан, олармен қарым қатынасты азайтуыңыз қажет. Оларды үйден қуып шығудың қажеті жоқ. Оның орнына үй жануарларға қарауды жұбайыңыз немесе балаларыңызға тапсырыңыз.

6. Бақша жұмыстарымен айналыспау керек. Кейбір қауіпті бактериялар жерде өмір сүреді. Сол себепті бірнеше айларға бақшаңызға қарамаңыз, немесе Сіздің орныңызға балаларыңызды жұмсауға болады.

7. Күнделікті тісті тіс щеткасымен және тіске арналған жіппен тазалап тұру қажет. Бұл Сіздің ауыз қуысыңызды инфекциядан қорғайды. Сол себепті күнделікті тісіңізді тазалап тұрыңыз.

8. Жарақаттансаңыз немесе жара болса бей жәй қалдырмаңыз. Оны жуып таңғышпен байлаңыз. Инфекция белгілері болған жағдайда міндетті түрде дәрігеріңізбен байланысыңыз.

9. Өте қауіпсіз жыныстық қатыста болу. Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулардыңғ мысалы герпес, сізге зиянын келтіру мүмкін. Мүше қапты пайдаланудың өзі Сізді толық қауіпсіз ете алмайды. Салқын тию немесе вирустар сілекей арқылы таралады. Сіздің жағдайыңызда Сізге не қауіпсіз екенін өз дәрігеріңізден сұраңыз. Әрине, Сіздің денсаулығыңызға байланысты және Сіздің жағдайыңызға қарап өзіңізге тән ұсыныс береді. Айрмашылғы Сіздің мекен-жайыңызға байланысты болуы мүмкін. Егерде Сіз қалада тұрсаңыз, көп адамдар шоғырланған жерлерден алыс жүру қиындық тудырады. Ауылда да өмір сүру де біраз қауіп туғызады, мысалы, үй жануарларымен байланыс немесе су қауіпінің болуы. Өз дәрігеріңізден осыған сәйкес кеңес сұраңыз. Мүшені трансплантациялаудан кейінгі бүкіл өміріңізде қауіпсіздік шараларды ұстаныңыз. Отадан кейінгі алты ай немесе бір жыл ішінде Сіздің денсаулығыңызды бақылайтын дәрігерлер тобы Сәзге керекті дәрілердің мөлшерін азайтады, Сіз ең аз мөлшерде дәрі қабылдайсыз.осы шақта Сіз қауіпсіздік шараларын азайтуыңызға болады. Сіз инфекцияға сезгіш болмайсыз. Бәрібір де Сіз қауіпсіздік шараларды сақтауыңыз қажет. Уақытылы қоыңызды жуып, екпе жасалған немесе ауырған адамдармен қарым қатынасңызды азайтыңыз. Егерде Сізде бөтен мүшенің үйлеспеушілігі болған жағдайда Сіздің дәрігеріңіз Сіз қабылдайтын дәрілерді өзгертуге немесе иммуносупрессивтік препараттарды қабылдаудағы мөлшерін көбейтеді. Бұл дегеніңіз бөтен мүшелермен үйлеспеушілікке қарсы иммунотерапия. Егерде Сіздің иммундық жүйеңіз жабырқаулы жағдайда болса, Сіз қосымша қауіпсіздік шараларын сақтануыңыз қажет. Сіздің дәрігеріңіз уақытына сәйкес дәрі-дәрмектердің орнын ауыстырып беруі мүмкін. Кейбір дәрі – дәрмектердің жұмысы уақыт өте нашарлауы мүмкін.және де фармацевтикалық нарықта Сіздің пайдаланып жүрген дәрілерңізден басқа жаңа әсері көп дәрі-дәрмектер пайда болуы мүмкін. Мүшенің трансплантациясынан кейінгі Сіздің қабылдайтын дәрі – дәрмектеріңіз. Трансплантациядан кейінгі өміріңіздің бәрі көп мөлшерде дәріні қабылдауды білдіреді. Көптеген адамадар күнделікті 6-12 данаға дейін дәрі қабылдайды. Одан да көп болуы мүмкін. Көп мөлшердегі дәрі қабылдау қорқынышты естілуі мүмкін. Кей адамдар осындай көп мөлшердегі дәрілерді қабылдауға қорқып жатады. Бірақ Сіз ауырып және ауыр тәртіпте дәрі қабылдағаныңызді қаперіңізден шығармауыңізға тиіссіз. Деніңіздің саулығы үшін дәрі – дәрмекті уақытылы пайдалану қажет. Мына жерде бірнеше еске түсірулер бар:

1. Трансплантациядан кейінгі қажетті дәріні қабылдауда дәрігеріңіздің кеңесін бұлжытпай орындаңыз.

2. Дәріге арналған күнделікті немесе апталық қорапшаларды пайдаланыңыз. Ол дәрінің мөлшерін белгілеу және анықтау үшін қажет.

3. Сіздің мөлшеріңізді ұмытпас үшін оятқыш, таймер, цифрлық сағаттар пайдаланыңыз.

4. Дәрі ішу кестесін уақытылы ұстану үшін отбасыңыздың мүшелерінің көмегіне жүгініңіз.

5. Дәрілеріңізді балалардан және үй жануарларынан алшақта ұстаңыз.

6. Дәрі – дәрмектеріңізді салқын және қараңғы жерде сақтаңыз.

7. Қабылдайтын дәрілеріңіздің тізімін көрінетін жерде ұстаңыз.

8. Егерде Сіз дәрі ішу уақытын ұмытқан болсаңыз келесі дәріні екі еселеп ішпеңіз.

9. Қалған дәріңіздің мөлшерін анықтап отырып, дәріханамен байланысып уақытылы толықтырып отырыңыз.

10. Егерде дәрігеріңіздің кеңесі бойынша дәрілерді тамақпен бірге қабылдау мүмкіншілік болса, ол Сіздің асқазаныңызға кері әсерін тигізбеуге ықпал жасайды.

11. Өзіңізге ыңғайлы уақытта дәрі қабылдауды жоспарлаңыз, мысалы тіс тазалағанда, түскі ас ішкенде немесе жатар алдында.

12. Дәрігеріңіздің келісімісіз дәріңізді қабылдауды тоқтатпаңыз.

Тарансплантациядан кейінгі қабылдайтын дәрі – дәрмектің кері әсерімен күрес.

Трансплантациядан кейінгі қабылдайтын дәрілердің әсері күшті, иммундық жүйеңізге кері әсер беруі мүмкін. Өкінішке орай, олар бүкіл ағзаны зақымдайды. Ол дегеніңіз, олар ауыстырып қондырылған мүшеге ғана емес бүкіл ағзаға әсерін тигізеді. Сондықтан деп Сіздің ағзаңызға дәрілердің кері әсер беретіні нашар жаңалық болып табылады. Ал жақсы жаңалық, ол бұл жағдайлармен күресе алады. Спецификалық кері әсерлер әр түрлі болуы мүмкін. Ол сіздің трансплантациядан кейінгі пайдаланатын дәрі – дәрмектеріңізге байланысты. Мына жерде Сізде пайда болатын кері әсерлердің жалпы тізімі:

· Жүрек айну мен құсу

· Іштің өтуі

· Бас ауру

· Қан қысымның жоғары болуы

· Холестериннің мөлшерінің жоғары болуы

· Беттің ісінуі

· Қан аздық

· Артрит

· Сүйектің сырқырауы

· Аранның ашылуы

· Салмақтың көбеюі

· Ұйқы мәселесі

· Көңіл күйдің өзгеруі

· Қол мен аяқтағы ісіну мен шаншу

· Безеу және терімен байланысты мәселелер

· Тремор

· Шаштың түсуі немесе бейберекет өсуі

Ия бұл ұзын тізім. Бірақ қатты абыржудың қажеті жоқ. Барлығында бірдей кері әсер байқалмайды. Реципиенттің мүшеге жауабы екінші жауаптан өзгеше болуы мүмкін. Ұмытпаңыз, әрбір кері әсер туралы өз дәрігеріңізге хабарлаңыз. Мүмкін Сіздің дәрілеріңізді ауыстыруы.. немесе Сіздің дәрігеріңіз Сізді емдеуде басқа жолдарға жүгінеді. Ол үшін қиналудың қажеті жоқ.

Транспалантациядан кейінгі дәрілерді қабылдау. Кеі жаңдайларда кері әсерлермен күресу үшін көбірек дәрілер қабылдауыңыз мүмкін. Мысалы, Сіз қабылдауыңызға болады:

1. Антибиотиктер және саңырауқулақтарға қарсы дәрі дәрмектер. Олар сіздің иммундық жүйеңіздің әлсіреуіне әкеліп соқтырған инфекцияны емдейді.

2. Жараға қарсы дәрілер. Асқазандағы кері әсерлерді жоюға арналған.

3. Диуретиктер. Олар Сізге бүйректегі мәселелерді шешуге және жоғары қан қысымының тұрақтануына көмек көрсетеді.

Көптеген адамдар өздерініңі емделудің алғашқы кезеңдерінде тек қана қосымша дәрі-дәрмектерді пайдалануға мұқтаж. Сіздің дәрігеріңіз иммунодепрессанттарды азайтқан жағдайда Сізді мазалаған кері әсерлер азаяы немесе жойылады. Мүшелерін ауыстырып қондырған адамдар көп мөлшерлерде дәрілерді ішуде кейбір дәрілердің өзара байланысын қадағалау қажет. Сізге берілген дәрілер туралы Сіздің дәрігеріңіздің толық ақпараттандырылғаны туралы көз жеткізіңіз. Сонымен қатар рецептсіз сатылатын дәрілер немесе фитодәрілер. Кейбір азық-түліктер, мысалы грейпфрут шырыны бірнеше дәрілермен үйлесуі мүмкін.

Трансплантация

Трансплантация - мүшелер мен тіндерді ауыстырып қондыру әдісі (латын тілінен transplantare көшіру) жоқ немесе патологиялық процесстердің арқасында зағымданған тіндер немесе өзінің тінін пайдалануға болатын мүшелер, немесе басқа ағзадан алынған.

Мультидисциплинарная команда

Успех трансплантации будет зависеть от психологического настроя пациента, усилий по поддержанию здоровья и здорового образа жизни после нее.

ОО 'Нурлы Когам'

Успех трансплантации будет зависеть от психологического настроя пациента, усилий по поддержанию здоровья и здорового образа жизни после нее.

Фото/видео галерея

Успех трансплантации будет зависеть от психологического настроя пациента, усилий по поддержанию здоровья и здорового образа жизни после нее.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек функциясы жеткіліксіздігі жағдайында не болады? Қандай жағдайларда жүрек трансплантациясы көрсетілген? Жүрек трасплантациясынан кейін асқынулар болуы мүмкін бе?

Сотрудничество

Успех трансплантации будет зависеть от психологического настроя пациента, усилий по поддержанию здоровья и здорового образа жизни после нее.