Донор жүрегін трансплантациясының үміткері болу үшін, Сіз:

· Жүрегіңіздің ауырғанына қарамастан денсаулығыңыз мықты болу керек.

· Жасыңыз 65 жастан жоғары болмауы тиіс.

· Медициналық қызметпен ынтымақтастықта болуға дайын болу және емделу тәртібіне бағыну.

· Отбасы мүшелерінің және жақындарының қолдаймын және келісемін деген уәдесін алу

Сіз ауыстырып қондырудың үміткері бола алмайсыз, егер Сізде:

1. Күшті бактериялық инфекция болса

2. АҚТҚ-инфекциясы және вирустық гепатит В + вирустық гепатит С бауыр фиброз белгілерімен болса.

3. Симптоматикалық перифериялық тамыр немесе цереброваскулярлық аурулары болса.

4. Мүше нысанасы зақымданған қант диабеті (нефропатия, пролиферативтік ретинопатия, нейропатия).

5. Жалғаспалы өскін немесе жуырда өткен (қабыршақты немесе базальды жасушалы терінің қатерлі ісігін қоспағанда) болса.

6. Ауыр өкпе ауруы болса.

7. Бүйрек функциясы бұзылған болса.

8. Жуырдағы өкпе артериясының тромбоэмболиясы болса

9. Өкпе гипертензиясы болса.

10. Психоәлеуметтік факторлар. Егер Сізде трансплантациядан кейін күрделі емдік ережелерге бағынуға психикалық денсаулығыңыз кедергі жасаса, оның ішінде терапия ережесін анамнезде бұзу, дәрілік немесе алкогольдік тәуелділік, лайықсыз әлеуметтік ықпал болса.

11. Темекі шегу.

12. Семіру: ИДМ>30 немесе салмағы >140% идеалды дене массасынан.

13. Жасы: әдетте 65 жастан үлкен болса.

Бағалау барысындағы мамандардың іс-әрекеті

Барлық бағалау кезеңдері трансплантация мамандарының бақылауымен өту керек.

• Сіздің емдеуші дәрігер-кардиологіңіз Сізге зерттеу нәтижесімен және жүрек трансплантациясының медициналық көрсеткіштерімен таныстырады.

Сіз онымен жүрек трансплантациясының басқа емдік тәсілдерге қарағанда артықшылығын және жүрек трансплантациясынан кейінгі болатын ықтимал асқынулар туралы талқылау жүргізуіңізге болады. Сіз оның бақылауында трансплантацияға дейін де кейін де боласыз.

Кардиохирург дәрігері. Операция алдында кардиохирург Сізге жүрек трансплантациясы отасының кезіндегі ең кең таралған және күрделі қауіптер туралы түсіндіріп өтеді.

Психолог немесе психотерапевт Сіздің психологиялық\ психикалық жағдайыңызды және отадан кейінгі кезеңде өз өзіңізге қамқорлық жасау қабілеттілігін тексереді. Сізбен ықтимал болатын психоәлеуметтік қауіптер, олар депрессия, қобалжулық туралы әңгіме қозғайды және олармен қалай күресу керек екенін айтады.

•Емдәмші Сіздің күнделікті диетаңызбен және қоректену ережесін зерттейді. Ол Сізге жүрек жетімсіздігі бар науқастарға арналған диета туралы айтып береді. Жүрек трансплантациясынан кейін ұстанатын диетаны жасап береді.

Өміріңізге қауіп төнбейтініне көз жеткізу және алдағы отанын артықшылығын білу үшін сұрақтар пайда болса мамандарға қоюыңызға болады.

Зерттеулер

1. Сіз қан талдамасын тапсырасыз:

Сіздің қан тобыңызды, резус факторыңызды анықтау үшін.

Сіздің жүрегіңізді, бүйрек, бауыр, қылқанша без және иммундық жүйеңіздің жұмысын анықтау үшін

Басқа аурулардың бар жоғын анықтау үшін (мысалы, сары ауру).

2. Қан тамырларының ультрадыбыстық зерттеуі.

Біз мойын, аяқ, кеуде және іш қан тамырларына УДЗ жасаймыз.

3. Эхокардиограмма.

Бұл Сіздің жүрегіңіздің ультрадыбыстық зерттеуі. Оны Сіздің жүрегіңіздің бөліктерінің жұмысын зерттеу үшін жасайды

4. Ангиограмма.

Бұл зерттеу бізге Сіздің жүрек қан тамырларыңызда ұйыған қан бар жоғын анықтайды.

5. Жүрек бөліктерін катетеризациялау.

Жүрегіңіздің және өкпе қан тамырларының қысымын анықтау ұшін зерттеулер жүргізеді.

Егерде өкпе қысымы өте жоғары болса, онда дәрігер қысымды төмендететін ем береді (жоғары өкпе қысымы жаңа жүректің шалыс соғыуна апаруы мүмкін).

6. Онкологиялық ауруларға зерттеу.

Колоноскопия. Біл тоқ әшектің зерттеуі.

Үлкен дәреттің ішіндегі қан үлгісін тексеру. Үлкен дәретте қан болса ол онкологиялық ауру белгісін білдіруі мүмкін.

Ер кісілерге қуықалды бездің функциясын анықтау және тексеруден өту үшін қан көрсеткішін тапсыру қажет.

Әйелдерге жатыр мойыншығы тексеру үшін зертеуден өту және маммография (кеуде безінің рентгендік зерттеуі) жасату керек.

7. Терінің сынамалары.

Сізге Манту сынамасын жасайды. Егерде Сізде бұрын Манту сынамасының оң нәтижесі болса, Сіз міндетті түрде ол жөнінде дәрігерге айтуыңыз керек.

8. Тіс және ауыз қуысына күтім жасау.

Тіс және қызыл иектеріңізге күтім жасау қажет. Ауыз қуысындағы инфекции жұректегі қауіпті инфекцияға апаруы мүмкін. Сіз барлық тиісті стоматологиялық емдерді жүректі ауыстырып қондырғанға дейін жасатуыңыз қажет. Және Сіз Өзіңіздің стамотологіңіздің ұсыныстарын бұлжытпай орындауға тиіссіз. Бірден дәрігер-стамотологіңізға жүрегіңізді ауыстырып салу отасын жасатқанығыз түралы айтуыңыз қажет. Ауыстырып қондыру отасынан кейін тіс дәрігерінің қабылдауына барар алдында антибиотик қабылдауыңыз қажет.

9. Тұмау

Жыл сайын трансплантацияны күтіп жүргенде тұмауға қарсы екпе алуыңыз керек. Сондай-ақ Сізбен бірге өмір сүріп жатқан отбасы мүшелеріде, тұмауға қарсы екпе алуға тиіс.

10. Өкпе қабынуы.

Сіз соңғы жеті жыл ішінде екпе алмаған болсаңыз, өкпе қабынуына қарсы екпе алуға тиіссіз .

Сіз барлық екпелеріңізді тіркеп отыруыңыз қажет.

11. Сіздің жүрегіңіздің ауру кесірінен физикалық белсенділігінің шектеуін анықтау үшін, Сіз жүктемелі сынақтамадан өтесіз.

12. Қолдау топтары.

Сіз түрлі қолдау топтарына барып қатыса аласыз.

Бұл емделуші және олардың отбасына басқа жүректі ауыстырып қондырған емделушілермен қарым-қатынас жасап, танысу мақсатында берілген бірден бір мүмкіншілік. Бұл топтарда сіз өз тәжірибеңізбен бөлісуге, бір біріңізге көмектесуге, ортақ мәселелерді талғылауыңызға болады.

Жүрек трансплантациясынан кейін басқада науқастармен танысу мақсатымен науқастарға және олардың отбасыларына тілдесу мүмкіндігі. Осы тптарда Сіз тәжірибеңізбен алмасуыңызға болады, бір біріңізге көмек көрсетіп, ортақ мәселелерді талқылай аласыз және т.б.

Барлық ем шараларды бағалау аяқталған соң, трансплантация жасайтын топ бағалау нәтижесі туралы айтып, Сізбен және Сіздің отбасы мүшелерімен талқылап, барлық сұрақтарыңызға жауап бередң. Егерде Сіз жүрек трансплантациясының мінсіз үміткері болсаңыз, Сізді донор жүрегін трансплантация жасау үшін «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ның Күту парақшасына тіркеу үшін ақпараттық келісіммен таныстырып, қол қоюға ұсыныс беріледі.

Қол қою сәтінен бастап, қол қойылған күні және уақыты көрсетілген, Сіз донорлық жүректі Күту парақшасында тіркелген боласыз.

Егерде Сіз талаптарға сәйкес келмесеңіз немесе өздігіңізден жүректі ауыстырып қондырудан бас тартсаңыз, онда дәрігерлер Сізбен басқа емдік шараларадың вариантарын талқылайды, мысалы:

· Дәрілік препараттар, емдәм және басқа да хирургиялық әрекетпен байлансы жоқ емдік шаралар.

· Жүрекке арналған басқа оталар (мысалы, айналма немесе жүректегі қан жолы тетігін ауыстыру).

· Кардиостимулятор немесе или дефибрилляторды имплантациялау .

· Қосымша қан айналысы құрылғысын имплантациялау (VAD).

Егер Сіз емдік шараларын бағалауды тоқтатқыңыз келсе, кез келген уақытта хабар беруіңізге болады.

Трансплантация

Трансплантация - мүшелер мен тіндерді ауыстырып қондыру әдісі (латын тілінен transplantare көшіру) жоқ немесе патологиялық процесстердің арқасында зағымданған тіндер немесе өзінің тінін пайдалануға болатын мүшелер, немесе басқа ағзадан алынған.

Мультидисциплинарная команда

Успех трансплантации будет зависеть от психологического настроя пациента, усилий по поддержанию здоровья и здорового образа жизни после нее.

ОО 'Нурлы Когам'

Успех трансплантации будет зависеть от психологического настроя пациента, усилий по поддержанию здоровья и здорового образа жизни после нее.

Фото/видео галерея

Успех трансплантации будет зависеть от психологического настроя пациента, усилий по поддержанию здоровья и здорового образа жизни после нее.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек функциясы жеткіліксіздігі жағдайында не болады? Қандай жағдайларда жүрек трансплантациясы көрсетілген? Жүрек трасплантациясынан кейін асқынулар болуы мүмкін бе?

Сотрудничество

Успех трансплантации будет зависеть от психологического настроя пациента, усилий по поддержанию здоровья и здорового образа жизни после нее.