Трансфузиология бөлімшесі

Нургалиев Жаннур Адилбекович
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін, сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай стратегияны іске асыру;
2) клиникалық пайдалану кезінде қан компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін қамтамасыз ету;
3) клиникалық трансфузиология саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
4) практикаға емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін енгізу;
5) денсаулық сақтау мекемелерінің басқа да емдеу-диагностикалық бөлімшелерімен өзара байланыс және сабақтастық.
Бөлімшенің функиялары:
1) қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің, Қоғамның ішкі құжаттарының және халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, халыққа мамандандырылған және жоғары білікті кардиохирургиялық көмек көрсету;
2) қан компоненттерін және оның препараттарын, қан алмастырғыштарды құю техникасы жөніндегі нұсқаулық талаптарының орындалуын бақылау, трансфузиялық орталардың ұтымды қолданылуын бақылау;
3) Қоғам бөлімшелерінде қан компоненттерін және оның препараттарын құю жөніндегі құжаттаманың, бекітілген нысандар бойынша диагностикалық стандарттардың дұрыстығын бақылау;
4) трансфузиялық терапия жүргізудің негізгі мәселелеріне қоғамның дәрігерлік және мейірбикелік персоналын оқыту;
5) мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
6) сапаны арттыру жоспарын іске асыру мыналарды қамтиды: тиісті көрсеткіштердің мониторингі; стандарттар мен саясаттардың, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдерінің орындалуы; пациенттер мен олардың отбасылары тарапынан шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарау; көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобалар;
7) Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бөлімшенің өзара іс-қимылын үйлестіру;
8) JCI халықаралық аккредиттеу шеңберінде алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарын енгізуге қатысу;
9) ішкі және сыртқы аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен ескертулерді жою жөніндегі жұмыс;
10) Қоғамда изосерологиялық зерттеулер жүргізу;
11) бөлімшенің құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асырады.