Эпидемиологиялық қадағалау қызметі

Гончарова Анна Сергеевна
Эпидемиологиялық бақылау қызметінің мақсаты профилактикалық/эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу, пациенттер мен қызметкерлердің болуының қауіпсіз жағдайларын жасау, микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру болып табылады.
Негізгі міндеттері:
-медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың (бұдан әрі- МКИ) алдын алу және жол бермеу бойынша Қоғамның барлық бөлімшелерінің нормативтік-құқықтық актілерді орындауын бақылауды ұйымдастыру;
-МКИ мониторингі, оның ішінде іріңді-септикалық аурулар (ІСА), басқа да асқынулар мен инфекциялық аурулар;
- МКИ толық тіркелуін және уақтылы есепке алынуын бақылау, эпидемиологиялық жағдайға талдау жүргізу;
- инфекциялық бақылау мәселелері бойынша кеңес беру және қызметті үйлестіру;
- бөлімшелерде микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- инфекция көздерін іздеу және нозокомиальды инфекция туындауында қауіп факторларын зерттеу;
- емдеу-диагностикалық технологияларды жүргізу кезінде қауіп факторларын зерттеу. Қауіпсіз процедуралардың стандарттары мен алгоритмдерін енгізу;
- асқыну жағдайларын эпидемиологиялық тексеру. Ошақты оқшаулау бойынша профилактикалық/эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеу;
- құрылымдық бөлімшелердің эпидемияға қарсы режимін, кір жуатын орынның, стерилдеу бөлімшесінің және ас блогының жұмысын бақылау;
- медициналық қалдықтарды жоюды бақылау;
- нозокомиалды инфекциялар мәселелеріне қатысты ағымдағы және перспективалық бағдарламаларды әзірлеу;
- нозокомиалдық инфекциялардың өзекті мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыру және өткізу және МКИ эпидемиологиялық қадағалау;
- инфекциялық бақылау және нозокомиалдық инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін дайындау және аттестаттау;
- медицина қызметкерлерінің кәсіби зақымдануының алдын алу бойынша бағдарлама әзірлеу (қорғау құралдарымен қамтамасыз ету, вакцинациялау, мерзімдік медициналық тексеру).
Лауазымы | Т.А.Ә. | Байланыс |
Қызмет меңгерушісі |
Гончарова Анна Сергеевна |
epid.cardio@mail.ru |
Дәрігер эпидемиолог |
Мустафина Айганым Атыгаевна |