Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімі (ересектер)

Смагулов Нурлан Куандыкович
Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (ересектер, одан әрі – бөлімше) халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) халыққа жоғары білікті анестезиологиялық және реанимациялық көмек көрсету;
2) практикаға емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін енгізу;
3) денсаулық сақтау мекемелерінің басқа да емдеу-диагностикалық бөлімшелерімен өзара байланыс және сабақтастық.
Бөлімше қызметі:
1) халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, халыққа мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмек көрсету;
2) медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
3) кардиология саласында халыққа шұғыл, жоспарлы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
4) сапаны арттыру жоспарын іске асыру мыналарды қамтиды: тиісті көрсеткіштердің мониторингі; стандарттар мен саясаттардың, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдерінің орындалуы; пациенттер мен олардың отбасылары тарапынан шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарау; көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобалар;
5) бөлімшенің Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын үйлестіру және өзге де функциялар.