Экстракорпоральдық гемокоррекция зертханасы

Бекишев Болат Егинбаевич
Экстракорпоралдық гемокоррекция зертханасы халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Зертхананың негізгі міндеттері:
1) экстракорпоралдық гемокоррекцияға мұқтаж пациенттерге білікті көмек жүргізу;
2) гомеостаздың әртүрлі бұзылуы кезінде пациенттерге білікті көмек көрсету;
3) бүйрек алмастырушы терапиясын жүргізу;
4) практикаға заманауи инновациялық емдеу әдістерін енгізу;
5) денсаулық сақтау мекемелерінің басқа да емдеу-диагностикалық
Зертхана қызметі:
1) халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, халыққа мамандандырылған және білікті медициналық көмек көрсету;
2) медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
3) кардиология саласында халыққа шұғыл, жоспарлы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;бөлімшелерімен өзара байланыс және сабақтастық.
4) сапаны арттыру жоспарын іске асыру мыналарды қамтиды: тиісті көрсеткіштердің мониторингі; стандарттар мен саясаттардың, клиникалық хаттамалар мен ережелердің рәсімдерінің орындалуы; пациенттер мен олардың отбасылары тарапынан шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарау; көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобалар;
5) бөлімшенің қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын үйлестіру және өзге де функциялар.