Орталық зарарсыздандыру бөлімшесі

Оразбаева Ш. М.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
1) Қоғам бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті материалды залалсыздандыру және зарарсызандыру бойынша іс-шаралар жүргізу;
2) практикаға емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін енгізу;
3) денсаулық сақтау мекемелерінің басқа да емдеу-диагностикалық бөлімшелерімен өзара байланыс және сабақтастық.
Бөлімшенің функиялары:
1) медициналық қызмет көрсету кезінде қолданыстағы нормативтік-директивтік, ұйымдық-құқықтық, өкімдік және басшылық құжаттардың талаптарын ескере отырып, Қоғам бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті материалды залалсыздандыру және зарарсыздандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу және жетілдіру;
2) бөлімшенің Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын үйлестіру, бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау;
3) сапаны арттыру жоспарын іске асыру мыналарды қамтиды: тиісті көрсеткіштердің мониторингі; стандарттар мен саясаттардың орындалуы; көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жобалар;
4) бекітілген жоспарға сәйкес қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
5) JCI стандарттарын қатысу және сақтау, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде құжатталған саясат пен рәсімдерді орындау;
6) шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарау;
7) Қоғамда емдеу және диагностикалық рәсімдерді орындау кезінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.