Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Бөлім бастығы
Есболсинов Ж. К.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) құрылымдық бөлімшелерді материалдық-шаруашылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру (жиһазбен, кеңсе тауарларымен, ұйымдастыру техникасымен, шаруашылық, жуу құралдарымен және т. б.), тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу, бақылау және есептен шығару;
2) Қоғамның ғимараттары мен құрылыстарын күтіп ұстау және жөндеуді ұйымдастыру, қызметтік үй-жайларды қайта орнату;
3) іргелес аумақты, Қоғамның қызметтік үй-жайларын тазалауды қамтамасыз ету және бақылау, санитарлық-гигиеналық және басқа да жәндіктер мен кеміргіштерден өңдеу;
4) жасалған шарттар, келісімшарттар бойынша орындалған жұмыстардың сапасын бақылау, орындалған жұмыстар актілеріне қол қою.
Бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) материалдық-шаруашылық қамтамасыз етудің жылдық, жартыжылдық, тоқсандық жоспарларын, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда ерекше кезеңге арналған барлық іс-шараларды әзірлеу;
2) ерекше кезеңге заттай мүліктің қажеттілігін айқындау, Қоғамда қорларды ұстау және қамтамасыз ету;
3) Қоғам балансындағы материалдық құралдарды жөндеу және қалпына келтіруді ұйымдастыру;
4) шарттарда көзделген шарттар мен мерзімдерге сәйкес материалдық ресурстарды жеткізуді қамтамасыз ету, олардың санын, сапасын, жинақтылығын және Қоғам қоймаларында сақталуын бақылау;
5) қызметтік үй-жайларды қайта орналастыру, Қоғам мен оның бөлімшелерінің жөндеу-пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі дизайндарды, жобаларды, сметаларды әзірлеу;
6) тауарларды, қызмет көрсетулерді сатып алу және істен шыққан немесе жоғалған материалдық-шаруашылық құралдарды есептен шығару жөнінде ұсыныстар енгізу және оларды бекітуге ұсыну;
7) қолда бар техниканы көліктік қамтамасыз етуді, уақтылы сервистік қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру;
8) Қоғамның жедел өндірістік қызметі үшін жағдай жасау;
9) бөлімге қатысты мәселелер тізбесі бойынша бюджеттік жобаларға баптарды енгізу бойынша техникалық ерекшеліктерді, ұсыныстарды дайындау және оларды түзету;
10) демалыс және мереке күндері кезекшілік (қажеттілік бойынша);
11) қызметкерлердің басшылықпен телефон байланысында болуы, төтенше жағдайлар және қызметтік қажеттілік бойынша шұғыл шақырулар туындаған жағдайда Қоғамға жедел келуі;
12) озық медициналық технологияларды, JCI ұлттық және халықаралық стандарттарын енгізуге қатысу;
13) өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде құжатталған саясаттар мен рәсімдерге сүйену;
14)негізгі тәуекелдердің мониторингі және оларды жою бойынша жұмыс.