- Өңірдің медициналық ұйымдарындағы мамандарға емделушіні қарап- зерттеу және ауруханаға орналастыру мәселелері бойынша кеңес беру шараларын ұйымдастырып, өткізу;
- Өңірлерге 0-17 жас аралығындағы туа біткен жүрек ақауы бар емделушілерді сұрыптап, орналастыру жұмысы бойынша көмек көрсету;
- 0-17 жас аралығындағы туа біткен жүрек ақауы бар емделушілерді кезекке қойып тізім жасау және алдын-ала белгіленген уақытта ауруханаға орналастырылуын бақылау;
- Жоспарлы шығып тексеру және көзбе-көз- сырттай тексеріп кеңес беру кезінде іріктелген 18 жастағы және жас шамасы 18-ден жоғары науқастарды жоспарлы ауруханаға жатқызуды бақылау және мәліметтер базасын құру;
- Қоғамға оперативті емдеуге емделушілерді іріктеу бойынша, сонымен қатар, ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмекті өткізу үшін республика өңірлеріне дәрігерлердің жоспарлы көшпелі бригадаларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
|