Тезистерге талап
Жарияланымға өз зерттеулеріңіздің материалдары қазақ, орыс (сондай-ақ ағылшын тілінде) тілдерінде қабылданады. Жарияланымға шолу материалдары қабылданбайды. Мәтін құжаты Microsoft Word 2003 форматында, А4 форматында 1-2 парақта, шрифт 12, Times New Roman, бір жарым аралықта, шеті – сол жағы 2,0, оң жағы, жоғары және төмен – 1,5 болуы қажет.
Тезистердің паспорттық бөлігінде тезис тақырыбын (14 сөзден аспайтын), авторларды (бірінші тегі-баяндамашы), мекеме және қаланы көрсету керек;
Зерттеу мақсаты, Әдістер, Нәтижелер, Қорытынды.
Мақсат 1 сөйлеммен беріледі.
Материалдар мен әдістерде қысқаша түрде зерттеу тобы (зерттелінетін материал)көрсетіледі, ерекше әдістер қысқаша түрде, негізгі процестер мен пайдаланылатын материалдар және жабдықтарды көрсетпей суреттеледі (тек әдістің мәнін сипаттау қажет). Нәтижелер мен талқыламаларда көрнекті материал тезистермен бірге көрсетілмейді, өтінімдегі баяндама (тезис) тақырыбына сәйкес тақырыптағы зерттеудің негізгі бағытын талқылаудағы алынған нәтижелердің негізгі тармақтары көрсетіледі. Қорытынды аяқталып жатқан баяндау түрінде болуы қажет. Тезисті берген уақыта әлі жарияланбаған жұмыстар болса, оларға берілетін сілтеме көрсетілмейді.
Тезис көлемі 500 сөзден аспауы қажет;
Тезистердің жарияланымы тегін.
Тезистер 2014 жылдың 30 мамырына дейін rozaerzhanova@mail.ru мекен-жайына қабылданады.
Көптеген өтініштерге байланысты тезистерді тапсыру мерзімі 30 маусымға дейін ұзартылды.