Қызмет қорытындысы
Жылдық есеп 2017 жыл
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Сіздердің назарларыңызға Орталықтың 2017 жылдағы қызметі туралы Жылдық есебін ұсынамыз. Бұл есеп жыл сайын клиника қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, және клиниканың негізгі бағыттары бойынша жұмысы туралы ақпарат беру үшін шығарылады.
Біздің Орталық емделушілерге халықаралық деңгейдегі жоғары сапалы медициналық қызметтерді ұсынуды жалғастыруда. 2017 жылы JСІ комиссиясы (АҚШ) Орталықтың халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін осымен екінші рет растады. Сонымен қатар, Орталық «Жүрек трансплантациясы» және «LVAD имплантациясы» бойынша ССРС сертификаттауынан өтті. Өткен жылға дейін бұл сертификаттаутек АҚШ клиникаларында болғанын атап өткен жөн.
2017 жылдың Қазақстанда және әлемде шын мәнінде бірегей оқиғасы - Орталықта жасалған халықаралық деңгейдегі бірінші рет Carmat (Франция) толықтай жасанды жүрегін имплантациялау болды. Бұл операция халықаралық мультицентрлік зерттеу шеңберінде жасалып, жақсы нәтиже көрсетті. Науқас операциядан кейін оңалып, өзін жақсы сезінуде.
Сондай-ақ, 2017 жылдың қыркүйек айында Орталық Астанада 27-Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакальдық хирургтар қауымдастығының конгресін (WSCTS 27) ұйымдастырып, ойдағыдай өткізіп шықты. ЕХРО 2017 шаралар тізіміне енгізілген бұл іс-шарада 50 мемлекеттен 1400-ден астам қатысушылар болды. WSCTS 27 клиникалық көмек көрсету және медициналық ғылымдағы идеялар мен прогресстермен алмасуға арналған халықаралық форум болды.
Орталық ұжымының кәсіпқойлығы мен ұйымшыл жұмысы осындай биік жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Дегенмен, Орталықтың серіктестері тарапынан қолдаусыз көптеген істерді орындау қиынға түсер еді. Сондықтан біздің серіктестерімізге табысты ынтымақтарымыз үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге денсаулық тілеймін,
ЮРИЙ ПЯ
Басқарма Төрағасы
