Алдыңғы қатарлы технологиялар
Орталық ашылған сәттен бастап 10 инновациялық технология енгізілді. Олардың ішінде: жасанды жүрек қарыншасын имплантациялау, RОС Safe жүйесін қолданып ота жасау, Cardioblate жүйесін қолдану арқылы АҚШ оталары, Cardioblate радио жиілікті аблация жүйесін қолана отырып, жүрек қақпақшасын протездеу оталары, жүрек трансплантациясы, ЭКМО қолдана отырып қарынша аралық қалқаның кемістігін транскатетерлік әдіспен жабу отасы, сол жақ жүрекше құлақшасын AMPLATZER Cardiac Plug окклюдермен транскатетерлі жабу, митральды қақпақшаның вальвулопластикалық стенозы, аортальды қақпақшаны транскататерлік имплантациялау бойынша оталар, бүйрек артерияларын денервациясы, жүрек және тыныс алу жолдарының жеткіліксіздігінің ауыр формасы кезіндегі экстракорпоральды мембраналық оксигенация.
Имплантациялау орталығының дәрігерлерімен Қазақстанда алғаш рет 2011 жылғы 7 қарашада қан айналымына қосымша қолдау көрсететін қондырғыны (Heart Made II), 2011 жылғы 13 желтоқсанда қазіріг заманға сай Heart Ware Ventricle Assist Device (VAD) қондырғыны имплантациялау арқылы Қазақстан ашық жүрекке жасалатын теңдесі жоқ, жоғары технологиялық оталарды жасау бойынша әлемнің 22 елінің қатарына енді.
Біздің елде алғаш рет 2012 жылғы 8 тамызда Орталық базасында созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігі бар пациенттерге транцплантациялау жүргізілді.
2014 жылға дейін Орталық базасына 15 инновациялық медициналық технологилар енгізілетін болады. Аталған технологиялардың негізгі бағыты: жүрек қызметінің жетіспеушілігін емдейтін малоинвазивті әдіс, гибридті хирургия, трансплантологияны дамыту, жүректің ишимиялық ауруын емдейтін хирургиялық емес әдістер, неонтальды кардиохирургияның дамуы, фетальды кардиохирургияның дамуы.
Инновациялық медициналық технологиялар Орталыққа жүрек-қан тамыры жүйесінің сырқаттарын хирургиялық және интервенциялық жолмен емдеу үшін енгізілген
1. Қан айналымының қосалқы қондырғысын импалантациялау. Әлемде соңғы 6 жылдың ішінде VAD имплантациясы 13 мың пациентке жасалған. Пациенттердің 3% қондырғына имплантациялағанна кейін жүрегін толығымен қалпына келтіру мүмкіндігне ие болады. VAD қондырғысын имплантациялағанна кейін өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 10 жылға дейін ұзартылады. Сонымен қатар отадан кейін барлық ағзаның функциясы қылыпқа келтіріліп (бүйрек, бауыр, өкпе), пациенттер мүгедек болып қалмай белсенді өмірге қайта оралады. «ҰҒКО» АҚ барлығы 60 ота жасалды, олардың ішінде тарнспалантация «көпірі» - 30 пациентке, «соңғы ем» ретінде - 19 пациентке, олардың ішінде 1 пациентте VAD қондырғысын алуып тастап, толығымен сауығу мүмкіндігі бар. | ![]() |
2. Аортальды қақпақшаны тері арқылы транскататерлі импалантациялау. Аортальды қақпақшаны тері арқылы протездеу ілеспе сырқататы бар ересек адамдарға жиі жасалатын оталардың бірі. Аортальды қақпақшаны протездеу кезінде сан артериясы арқылы тері арқылы малоинвазивті көмектепен имплантацияланатын тәуекелді азайту үшін өздігінен ашылатын эндопротез әзірленген. Ота жалпы анестезиямен жүргізіледі. Отаны өткізгенен кейін пациенттің кеудесіндегі ауырсыну, естен таңу және тыныс алуының қиындауы толығымен жойылады. Аортальды қақпақшаны тері арқылы протездей тәжірибесі күннен-күнге өсіп келеді. Аталған технологияны қолдануға қарсы көрсеткіш аортальды қақпақшаның зақымдану болып табылады. Барлығы 12 ота жасалған,
![]() | ![]() ![]() |
3. Резистентті артериальды гипертензия кезіндегі бүйрек денервациясы. Қатерлі артериальды гипертензия кезінде хирургиялық емдеу әдістер қан қысымының төмендкуіне алып келіп, отадан кейінгі және отадан дейінгі қайтыс болуға алып келетін. Сонымен қатар, оқозғалы өзгерген кездегі есте тану, ішек және жамбас ағзаларының функциясының бұзылатындығы байқалатын. Бүйрек артериясының катетерлі радио жиілікті абляциясы (бұдан әрі - РЖА) 3 класстағы күрделі медициналық технология болып табылады. Әдісітің мәні сандағы тесік арқылы пациенттің бүйрек артериясына енгізу және ангиографилық бақылаумен АЖА өткізуде. Жалпы радио жиілікті әсер уақыты 10 минут. Процедураның ұзақтығы 1,5 сағат. 1 айдан кейін ангиографиялық бақылау жүргізіледі. Әдістің қауіпсіздігі АҚШ, Австралияның, Германияның және Полтшаның ғалымдары жүргізген клиникалық зерттеулерде оқылған. Барлығы 18 ота жасалды.
![]() | ![]() |
Аортальды қақпақшаны тігіссіз имплантациялау. Өздігінен кеңейтілетін тігіссіз қақпақша зақымдалған артериальды қақпақшаны немесе бұрындары артериальды кемістігі бар пациенттерге имплантацияланған протезді алмастыру үшін имплантациялануы мүмкін. Бұл кезде дәстүрлі тігу қажеттілігі жойылады. Барлығы 1 ота жасалды. | ![]() |
5. Жүрек және тыныс алу жолдарының жеткіліксіздігінің ауыр формасы кезіндегі экстракорпоральды мембраналық оксигенацияны емдеу. Әдістің мақсаты жіті және созылмалы жүрек-өкпе жетіспеушілігінің санын азайтып, стандартты терапия үшін резистенттік болып табылады. Әдістің стратегиясы экстракорпоральды мембраналық оксигенация (ЭКМО) арқылы тыныс алу жолының функциясын қамтамасыз ететін қондырғына қолдануға негізделеді. Науқасқа мембраналық оксигенатор жалғасады. ЭКМО сырқаттың даму факторын жоймайтын симптомдық терапия болып табылады. ЭКМО міндеті: ауыр тыныс алу жеткіліксіздігін, жіті жүрек қызметінің жетіспеушілігін және жасанды қан айналым аппаратымен бірге ашық жүрекке ота жасаған кезде тіршілік әрекетін қолдау үшін, сондай-ақ ағзаларды тасымалдау кезіндегі шоғырландыру (жүрек, өкпе, «Жүрек/өкпе» кешені). Барлығы 9 процедура жүргізілді. | ![]() ![]() |
6.Митральды тесік стенозының баллонды вальвулопластикасы. Митральды стеноздың баллонды вальвулопластикасын қолдану жүрек-қан тамыр сырқаттарын хирургиялық жолмен емдеудің жаңа кезеңі болып табылады. Отаны жасаудың негізгі қағидаты тіндер мен ішкі ағзаларды зақымдауда –пациенттің денесіндегі тілімдер тесіктермен алмастырылады. Аталған әдістің негізгі артықшылыға – қызмет атқарып тұрған жүрекке жасанды қан айналым жүйесін қолданбай-ақ ота жасау мүмкіндігінде. Хирургиялық араласудың мұндай мәсілі жасанды қан айналым жүйесін қолдану толығымен қарсы көрсетілген (мысалы, бүйректің және өзге де ағзалардың патологиясы салдарынан) әлсіз, қартайған пациенттре үшін ерекше өзекті Барлығы 1 ота жасалды. | ![]() |
7. Митральды тесікті қақпақшалау. Отаны жасаудың негізгі қағидаты тіндер мен ішкі ағзаларды зақымдауда –пациенттің денесіндегі тілімдер тесіктермен алмастырылады. Аталған әдісті қолдану кезінде митроклип жүректің қызметіне зақым келтірмей митральды қақпақша жармасының арасына орналасады. Бұл жағдайда отадан кейін пациенттің стационарда болу мерзімі қысқартылып, күнделікті өмірге жылдам оралуға мүкіндік береді. Аталған әдістің негізгі артықшылыға – қызмет атқарып тұрған жүрекке жасанды қан айналым жүйесін қолданбай-ақ ота жасау мүмкіндігінде.
![]() | ![]() ![]() |
8. Сол жақ жүрекше құлақшасын транскатетерлі жабу. Сол жақ жүрекше құлақшасын транскатетерлі жабу АҚШ соңғы 7 жыл ішінде қолданылуда. Әдіс құлақша қуысын жүрекшеден алшақтады, тромбоздың болуының алдын алып, пациенттің сан артериясына кататерді енгізуге неізделген. Барлық процедура қарынша ЭхоКГ және рентгеноскопия бақылауымен 45 минуттың ішінде жасалады. Асқыну болмаған кездегі пациенттің стационарда болу уақыты 3 күннен аспайды. Барлығы 7 ота жасалды | ![]() ![]() |
.
9. Малоинвазивті қол жетісділік әдісін қолдана отырып жүргізілетін кардиохирургиялық оталар. Бұл жүректің ишимиялық ауруы, туа біткен және жүре пайда болған жүрек кемістігі бар пациенттерді хирургиялық жолмен емдеу үшін манипуляторы бар видеотороскопиялық қондырғыларды қолдануға негізделген әдіс. Бұл жүрек-қан тамыры сырқаттарын хирургиялық жолмен емедеудің жаңа кезеңі. Барлығы 16 ота жасалды. | ![]() |
10. RocSafe жүйесін қолдану арқылы аортокоронарлық шунттау. Аталған әдіс қан жасушасына механикалық әсердің аздығынан, жасанды қан айналымының уақытының қысқаруынан және отадан кейінгі асқынулардың (діріл ырғақсыздығы мен қан кету) аз болуынан пациенттерге ота кезінде және одан кейін қан құрам бөліктерін құюды 58% дейін төмендетеді. Барлығы 160 науқас емделді. | ![]() |
11. Cardioblate РЖА ота ішілік жүйесін қолдану арқылы аортокоронарлық шунттау және қақпақшаларды протездеу. Бір мезетте аортокоронарлық шунттауды және радио жиілікті аблияцияны жүргізуге болады. Аталған технологияны қолда отырып, ҚАЖС ауыратын науқастарды тиімді емдеу деңгейі 95% құрайды. Соңғы жылдары әлемде кеңінен қолданылады. Аталған технологияны қолдану кезінде дірілі ырғақсыздығы аясындағы тромбоэмболикалық асқынулар көлемі азаяды. Барлығы 160 науқас емделді. | ![]() |
12. Жүрек трансплантациясы. Пациенттің жүрегін (реципиента) донор жүрегіне алмастыру бойынша хирургиялық ота. Жүректің асқынған сырқаттарында өзге оталарды жасау мүмкін емес немесе тәуекелдік деңгейі жоғары болған кезде, ал жүректі ауыстырмай өмір сүру мүмкіндігі жоғары емес. «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ базасында 2012 жылғы 8 тамызда алғаш рет трансплантация бойынша ота жасалды. Отаны Чехиялық кардиохирург Ян Пирктің қатысуымен Қазақстанның алдыңғы қатардағы кардиохирургы Юрий Пя жүргізді. | ![]() |