Презентацияларды және тезистерді жіберу тәртіптер
Презентацияларды жіберу тәртібі
Конгрестің ресми тілдері - қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі
Баяндама презентациялары PowerPoint форматында қазақ/орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады. Баяндама уақыты пленарлық отырыста 20 минуттан, ал секциялық отырыста 15 минуттан аспауы қажет.
Баяндамамен қатысу жайлы өтініштер және баяндаманың тақырыбы 2013 жылдың 10 маусымына дейін cardiacsurgery.kaz@gmail.com электрондық мекен-жайларына қабылданады (Хаттың тақырыбын "Баяндама" деп көрсетуіңізді сұраймыз).
Тезистерді жіберу тәртібі
Жарияланым үшін қатысушылардың өз зерттеулерінің материалдары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады (3 тілде берілгені дұрыс).
Тезистердің Microsoft Word, А4 форматында 1-2 парақта, Times New Roman 12 шрифтте, аралығы 1,5, жиегі – сол жақта 2,0, оң жақта, жоғарыда, төменде – 1,5 см болуы шарт.
Тезистердің паспортында:
- секция атауы (кардиохирургия, кардиология, интервенция, мейірбике ісі, т.б.);
- тезис атауы (14 сөзден көп емес);
- авторлары;
- мекеме;
- қала, мемлекет көрсетіледі.
Тезистер 4 бөлімнен тұруы қажет: ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ, ӘДІСТЕРІ, НӘТИЖЕЛЕРІ, ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Тезистердің көлемі 500 сөзден аспауы қажет.
Тезистерді жариялау тегін.
Тезистерді жариялауға өтінім 2013 жылдың 20 маусымына дейін cardiacsurgery.kaz@gmail.com мекен-жайына қабылданады (Хаттың тақырыбын "Тезис" деп көрсетуіңізді сұраймыз).