Алдын-ала бағдарлама және ғылыми тақырыптар
Кардиохирургтардың II ұлттық конгресінің алдын-ала бағдарламасы
7 қыркүйекте Конгрестің ашылуынан кейін және келесі күні 8 қыркүйекте күннің бірінші жартысында пленарлық отырыстар өткізіледі. Күннің екінші жартысында Конгресс жұмысы келесі секциялық отырыстармен жалғасады:
· Кардиохирургия;
· Кардиология және оңалту;
· Интервенциялық кардиология, аритмология, ядролық медицина;
· Мейірбикелік іс.
Сондай-ақ Конгресс аясында шетел мамандарының қатысуымен мастер-кластар және шетел және отандық компаниялардың қатысуымен медициналық өнімдер мен емдік дәрі-дәрмектердің көрмесі өткізіледі.
Конгресте қарастырылатын ғылыми тақырыптар
1. Туа біткен жүрек ақауы хирургиясы;
2. Жүре пайда болған жүрек ақауы хирургиясы;
3. Жүректің ишемиялық ауруы хирургиясы;
4. Созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі бар науқастарды емдеудегі қанайналымның жасанды қосалқы жүйесін қолданудың бүгіні мен келешегі;
5. Жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудегі гибридті технологиялар;
6. Жүрек трансплантациясы және трансплантациялық координация;
7. Кардиоанестезиология және қарқынды терапия;
8. Жүре пайда болған жүрек ақауы, туа біткен жүрек ақауы, жүректің ишемиялық ауруларын емдеудегі интервенциялық кардиология;
9. Жүрек ырғағының бұзылуын хирургиялық жолмен емдеу;
10. Балалар кардиохирургиясының маңызды мәселелері;
11. Заманауи кардиология және оңалту;
12. Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының диагностикалық радиологиясы;
13. Кардиохирургиядағы мейірбикелік істің маңызды мәселелері.